XX ғасырдың басында Османлы мемлекетінің халықаралық жағдайы нашарлап, мемлекет күйреу алдында тұрған кезде Жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түсті. 1908 жылышілдедеБатыс державалардыңМакедонияны Османлы мемлекетінен бөліп алмақ болған саясатынан кейін, сұлтан өкіметінің әлсіздігіне ызаланған түрік әскерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түріктер төңкерісінің басталуы еді. Жас түріктер жағына әскердің басқа аймақтардағы бөлімдері де қосылды. Жас түріктердің қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 жылы2 шілдеде1876 жылғы конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келіседі. Жаңа парламентте көп орынға ие болып, жеңіске жеткен және әскерге арқа сүйеген Жас түріктер, іс жүзінде, елде өз биліктерін орнатты. 1908 жылғы Жас түріктер төңкерісінің нәтижесінде Османлы мемлекетінің билік түрі абсолюттік монархиядан конституциялық монархияға ауысты. 1909 жылы Жас түріктер II Әбділхамитті тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып V Мехмет сайланды.
Билеген жылдары
Өкіметке келген Жас түріктер қиындықтарды шешудің жолын таба алмады. Конституциялық билікке көшу елдің шет аймақтарында ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа толқынын тудырды. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерімен тіл табыса алмаған Жас түріктер, қолындағы билікті пайдаланып, күш қолдану саясатына көшеді. 1908 жылыАустрия-МажарстанБосния және Герцеговинаныаннексиялайды. 1911 жылыЛивиядағы османлы иеліктерін Италия басып алады. Османлы үкіметінің сәтсіздіктерін пайдаланған Жас түріктердің қарсыластары оларды үкімет билігінен кетірді. Бірақ жаңа үкімет мемлекетті сақтап қалуға дәрменсіз болып шығады. 1912 жылыбірінші Балқан соғысындаБолгария, Грекия, Румыния, Сербия Османлы сұлтандығының бүкіл еуропалық иеліктерін басып алады. Тек Константинополь мен оған жақын жатқан біраз аудандар ғана қалады. Бұл үкіметтің де сәтсіздігін пайдаланғысы келген Жас түріктер 1908 жылғы көтеріліске қатысқан Әнуар бейдің басшылығымен, 1913 жылы мемлекеттік төңкеріс жасайды. Қайтадан үкімет билігіне ие болған Жас түріктер мемлекеттің күйреуін бәрі бір тоқтата алған жоқ. Сыртқы саясатта Германияны арқа тұтқан Османлы мемлекеті бірінші дүниежүзілік соғыстаүштік одақ жағында болады.