Ағасы III Сәлім тақтан тайдырылған соң, IV Мұстафа бұрынғы сұлтанның жаңартпаларын, соның ішінде "Низами Джедид" атты әскери жаңартулар жиынтығын жойды және көтерілісшілердің басшысы Қабақшы Мұстафа пашаны садрағзам етіп тағайындады.
1808 жылыӘлемдар Мұстафа паша өзіне адал жауынгерлермен Константинопольге жорық жасап, III Сәлімді қайтадан таққа отырғызуға ниеттенді. IV Мұстафа жақтаушылары Әлемдар Мұстафа пашаға күшті қарсылық таныта алмады. Шайқас кезінде IV Мұстафа өз ағасы III Сәлімді және өз інісі Махмұт шаһзаданы (келешектегі II Махмұт) өлім жазасына кесуді бұйырды. Алайда соңғысын баскесерлер таба алмады. Топқапы сарайына басып кірген Әлемдар Мұстафа паша IV Мұстафаны қамап, III Сәлімді құтқаруға үлгермегендіктен, Махмұт шаһзаданы тауып алып, оны таққа отырғызды.
Ажалы
1808 жылдың16 қарашасында IV Мұстафаны таққа қайтадан отырғызуға ниеттенген жаңа шеріктер II Махмұтқа қарсы көтеріліс жасады. Бірақ II Махмұт сол кезде IV Мұстафаны өлім жазасына кесуді үлгерді.