II Баязит (осман. بايزيد ثانى — Bâyezîd-i sânî; 3 желтоқсан 1447 — 26 мамыр 1512) — Османлы мемлекетінің 8-ші сұлтаны. Ең бейбітшіл әрі діншіл сұлтандардың бірі.
Бұл сұлтанның тұсында жер ауданы ұлғайса да (511 000 км²-ден 2 375 000 км²-ге дейін), өзі ешқашан да жорыққа шықпаған, көбінесе өз уақытын Алла Тағалаға ғибадат етумен өткізетін, сондықтан Әулие Баязит деген лақап атқа ие болды. Ашық жорықтарға шықпаған әскер күшейіп, көбейе бастады, ал соғыссыз ғұмыр кешкен бейбіт тұрғындар өз дамуын жалғастырды.
Өмірбаяны
II Баязит 1447 жылы Дидимотикада Константинополь жаулаушысы II Мехметтің шаңырағында дүниеге келді.
1481 жылы II Мехметтің қайтыс болған соң османлы тағына отырды. Тақты сақтап қалу үшін ол өзінің туған інісі Жем шаһзадаға соғыс ашуға тура келді. 1482 жылы сұлтан Жем шаһзаданы талқандады. Жем Еуропаға қашып, сол жақта II Баязитке қарсы жақтаушыларды іздеді. Алайда 1495 жылы II Баязиттің бұйрығымен Жем шаһзада Римде уландырылды.
Сұлтан Венецияға қарсы соғысуға мәжбүр болды, себебі венециялықтар османлылардың Далмация мен эгейлік жерлерін жаулауға ниеттенген. 1499-1503 жылдары болған османлы-венеция соғысы нәтижесінде II Баязит Венецияның жаяу және теңіз әскерлерін жеңіп, Мореяны толықтай жаулап алды.
1501 жылы II Баязит Қара теңіздің шығыс жағалауын жаулап, осы теңізде толықтай билік орнатты.
Шығыста II Баязит Сириямен, мәмлүктермен және сефевидтермен соғыс жүргізсе де, ол ешқашан ашық соғысқа жеткізген жоқ. Соның арқасында Османлы мемлекеті дамып, әскері күшейді. Бұл жайт II Баязиттің баласы әрі ізбасары I Сәлімге өте тиімді болды. Ол күшейген әскерді мәмлүктермен және сефевидтермен болған соғыста пайдаланып, османлылардың билігін Таяу Шығыста күшейтті.
Садрағзамдары