III Осман 1699 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны II Мұстафа шаңырағында дүниеге келді. Таққа отырғанға дейін елу жылдай кафесте қамауда отырды.
III Осман ән мен әншілерді жек көретін, және оларды Топқапы сарайынан қууды бұйырған. Сонымен қатар сұлтан әйелдер мен әйел қоғамын жек көрді. Сондықтан ол әйелдерге жақындағанда әйелдерді шегіндіру үшін шегелермен тағаланған аяқ киім киіп отырды.
Үш жыл ішінде III Осман жеті рет садрағзамдарды ауыстырды. Орнынан босатылған садрағзамның мүлігін өзінің қазынасының пайдасына тәркілеп отырды. Яһудилер мен христиандарға өте шыдамсыз болатын, және оларға киімде арнайы белгілер тағып жүруді бұйырған болатын.
Ажалы
1757 жылдың30 қазанында сұлтан инсульттен қайтыс болды. Мәйіті Жаңа Уәлиде сұлтан мешітінің жаңында салынған мазарда жерленді.