Dynamics Explorer немесе DE-1 және DE-2 — Жердің магнитосферасы мен ионосферасын зерттеуге арналған екі америкалық жасандысерік.
Олар цилиндр тәріздес пішінде жасалған, диаметрі 137 см, ал биіктігі 115 см болды.[1]
Екеуі 1981 жылдың 3 тамызында ғарышқа ұшырылды. DE-2 жоспарланған орбитадан сәл төменірек орбитаға шығарылғаннан соң, қызметін 1983 жылдың 19 ақпанына шейін атқара алды. Ал DE-1 он жылға жуық жұмыс істеп, өз миссиясын 1991 жылдың 28 ақпанында бітірді.
DE-1: Spin-Scan Auroral Imaging (SAI)[2], Plasma Wave Instrument (PWI), High Altitude Plasma Instrument (HAPI), RIMS және EICS спектрометрлері, MAG-A магнитометрі.
DE-2: иондарды анықтағыштар, Low-Altitude Plasma Instrument (LAPI), WATS және NACS спектрометрлері, Фабри — Перо интерферометрі, Ленгмюр зонды.