19 ғасырдың бірінші жартысы патша үкіметінің Қазақстан жерін отарлау әрекетінің ең бір шешуші кезеңі болды. Қазақ даласының көптеген жері Ресей империясының құрамына кірді. Ел басқару билігін патша өз қолына алды. Орта жүз бен Сібірді мекендеген қазақтар үшін 1822 жылы "Сібір қазақтары туралы Устав" шығарылды. Бұл Устав 1860 жылға дейін күшінде болды. 1831 жылы Кіші жүз қазақтарын билеу үшін "Ел басқарудың дистанциялық системасы" деген құжат шығарылды.
Бұл кезенде қазақ даласында сот билігінің үш түрі болды.
Қазақ даласында ел билеу, әкімшілік-сот істеріне қатысты көптеген жаңа атаулар пайда болды.
Хандар дәуірінде белгілі бір заңға сүйеніп салынатын мемлекеттік алым-салық дейтін жоқ болатын. Ата-баба дәстүріне сүйенген сый тарту, жол-жора түрлері болатын. 19 ғасырдың 30 жылдарынан бастап қазақ даласына мемлекеттік салық келді.
Қазақ даласындағы мұндай өзгерістер қоғам өмірінің барлық саласын қамтыды. Әлеуметтік топтардың ескілері ыдырап, жаңа түрлері пайда болды.
1822 жылғы Устав бойынша қазақ балаларына орыс мектептерінде оқуға право берілді, Орынбор, Омбы кадет корпустарында қазақ балалары оқи бастады. Бұл кезде қазақ даласында баспасөз, ана тіліндегі мектептер, таза қазақ тілінде кітап бастырып шығару ісі болмады.
19 ғасырдың бірінші жартысында қазақ тілін танытатын көркем әдебиет үлгілерімен қатар ресми-эпистолярлық әдебиет болды. Жоғарыда келтірілген құжаттарды сол ресми-эпистолярлық әдебиет үлгілеріне жатқызуға болады. Бұл құжаттар тіл тарихын зерттеуге, сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік жағдайды көрсетуге септігін тигізумен қатар, қазақ даласындағы 19 ғасырдың бірінші жартысында ресми іс қағаздар болғандығын, қазақ әдебиетінде дәл қазіргідей нормаға түсе қоймаса да ресми стиль қалып-тасқандығының куәсі бола алады.
19 ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның батыс өлкесіндегі халық өмірінде болған елеулі оқиға — Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі. Бұл көтеріліс көркем әдсбиетте ғана емес, іс қағаздар тарихында да өз ізін қалдырғанын М.Өтемісұлының М.Ладищинскийге жазған хатынан, Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына хатынан т.б. материалдардан көре аламыз.
19 ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласындағы ел басқару системасы мен әлеуметтік құрылысты білдіретін хан, ханзада, ханым, ханша, төре, сұлтан, би, қазы, ақсүйек, бай, кедей, қарашы, қара, қара қазақ, қара жұрт сөздері жиі қолданылған. Байтақ сөзі ел, жұрт мағынасында жұмсалған. Ел, халық мәнінде алаш сөзі де жиі қолданылады. Теңдік сөзінің мәні қазіргіден мүлде бөлек. Егер даугер айып пен пұлды төлете алса теңдік алды деп, төлете алмаған күнде теңдік бермеді дейтін болған, яғни, теңдік сөзінің ертедегі мағынасы әділет, заңдылық сөздерінің мағынасымен жуықтас.
19 ғасырдың бірінші жартысындағы ресми іс қағаздар тіліндегі лексикалық, грамматикалық, синтаксистік ерекшеліктер 18 ғасырдағы ресми іс қағаздар тіліне жақын болғанымен, бұл кезеңде ресми іс қағаздар тілінің халыққа біршама түсінікті, әрі қарай дамыған, нормалана түскен тіл болып қалыптаса бастағанын байқауға болады.
Әрине, 18 ғасырдың екінші жартысы мен 19 ғасырдың бірінші жартысында жазылған құжаттар тілі жайында ғалымдар әр түрлі пікірлер айтып келді. Осы күнге дейін олар шағатай, татар тілдерінде жазылды деген пікір басым.
"19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі деген еңбегінде" Б. Әбілқасымов "Сөз жоқ, бұл документтердің тілінде түркі әдеби тілінің дәстүрлі орфографиясы, кейбір морфологиялық формалары, қалыптасқан сөз тіркестері мен жекелеген лексемалары сақталды, бірақ олардың негізгі төсегі - қазақтың байырғы сөздсрі мен дағдылы грамматикалық құрылысы еді.
Егер "кітаби тілді" түркі әдеби тілінің өзі емес, оның қазақ авторлары қолданған түрі, қазақ топырағындағы көрінісі ретінде қарайтын болсақ, оның да анықтауды қажет ететін жақтары баршылық" дей келе, өз ойын былай қорытады: "... біздіңше 19 ғасырдың екінші жартысында Ыбырай мен Абай негіздеген жаңа жазба әдсби тіл қалыптасқанға дейін қазақ қаламгерлерінің пайдаланған тілін "кітаби" тіл деп атамай, көне қазақ жазба әдеби тілі дсп атаған дұрыс. Өйткені туыстас түркі халықтарының ешбірінде "кітаби тіл" деген ұғым да, термин де жоқ, керісінше, қазіргі жазба әдеби тілдері қалыптасқанға дейінгі жазба туындыларын көне әдеби тілде жазылды дейді. ...Сөйтіп қазақ қаламгерлері 16 ғасырдан өткен ғасырдың екінші жарымына дейін осы аталған қазақтың көне жазба әдеби тілінде ресми іс қағаздарын жазды, өзара хат жазысты."
1812 жылғы желтоқсанның 14-і күні, қырғыз-қайсақтардың Кіші ордадағы Сыртқы редуты маңында көшіп жүрген Жағалбайлы руына жататын, старшын Байзақ Арыстанғұловтың әміріндегі қырғыз Бөкенбай Қаражігітов өзінің кедейлігіне байланысты және асырауында жас балалар санының едәуір болуы себепті солардың ішінен менің өз әйелім Тамарамен жалпы келісуім бойынша және өз старшыным Арытанғұловтың, сондай-ақ бүкіл ауылдағы жолдастарымның рұқсатымен өзімнің алты жастағы туған қызым Әтікейді переселендердің Сыртқы редутының хорунжийі Иван Замятинге оның біржола иеленуіне жарлық негізінде оның есіміне бағасы 14 сомға саттым, бұл 1808 жылғы мамырдың 23-і күні болды; 14 сом ақшаны түгел алдым, сол жөнінде өзімнің осындай таңбамды саламын... [1]
... "Әр түрлі адамдардан Сіз халықты тәртіп бұзуға және менің бұйрықтарымды орындамауға айдап салып, сіздің үйретуіңізбен кейбіреулер бүлік шығарып жатыр деген жайсыз хабарлар алып отырмын. Сіздің ақыл-парасатыңызды білгендіктен мен Сізді өз сенімімнен айырғым келмейді, алайда бұл жайында анығын білгім келіп, мен тікелей келіссөз жүргізу үшін Сіздің маған келуіңізді талап етемін, бірақ Сіз мен өзіңізді осындай қылығыңыз үшін ашуымды білдіруге шақырып отыр деп ойламаңыз, егер мен Сізге ашулы болсам, өзіме шақырмас едім. Егер Сіз, старшын, менің сөзіме сенбей, келмей қалсаңыз, мен Сізді өз кінәңізді сезініп, Сіздің бұрын адал қызмет етуге қабылдаған антыңызға қарсы шығып отыр деп ойлаймын. Әлбетте, мен сенің тілегіңді білемін, бірақ сен ныспыңның талап еткенін тыйып, сондықтан да талап ететін өз тілектерінңің орындалуын күтуге тиіссің, бірақ өзіңді жолдас санап, өзіңмен терезесі тең адамға жауласқан кезде мейірімділік күту деген не болмақ: бұл күту емес, қайта тек күштеп тартып алу ғана болады. Мен мұны сенің қызметте көрсеткен ынта-ықыласыңды көбірек ойлап жазып отырмын: әйтпесе бос ойларға салыңып, сонан соң оларды жайып жіберетіндерге жазбайтыныма еш күмән жок. "[2]
"Біздің үстімізден қойылған хан Жәңгір Бөкеев бізді әділетсіз соттауда және біздің дініміздің ережелеріне ешбір сәйкес келмейді, сол себепті біз ешқандай әділ com көрмей, жаппай жан дауысымыз шығып жүрміз, ол күн өткен сайын жер-жерде күшейген үстіне күшейе түсуде; өйткені біз үшін жәбір-жапа мен қысым күннен-күнге үдеп барады. Сұлтандар, билер мен қожалар, ханның еркін орындаушылар бізге барлық жерде қысым көрсетіп, бізді еш кінәміз болмаса да, ұрып-соғып азаптайды, біздің меншігімізді еріксіз тартып алады, олардың үстінен шағым айту өзіңе пәле тілеп алу және көрінеу талан-таражыға түсу деген сөз. Бізді қорғаушы адам жоқ және біз өз: билеушілеріміз арасынан қорлаудан, жәбір-жапа мен алуан түрлі қысым көруден бақа еш қанағат және біздің қайыршылық жағдайымызға қандай болса да жаны ашығандық таба алмаймыз, Енді біздің бір ғана үмітіміз қалды, ол жоғары дәрежелі сіздің мархабатты қамқорлығыңызға жүгіну.
Біз жоғары мәртебелі Сізден біздің Орал ведомствосының қызмет адамдары құрамына кіруге рұқсат етуді мейлінше қатты өтініп отырмыз, яғни бізге Оралға жақын жерде тұруга, император ағзамның қызметіне көмектесуге және алыстағы қалаларға, мысалы, Ново-Александровск бекінісіне және басқа да сол сияқты жерлерге баруымызға рұқсат берілсе екен. Біз бәрімен: am, қой, түйе, ал қажет болған жағдайда, адал берілген ресейліктерден талап етілетіні сияқты, адамдардың өзін де беріп қызмет етуге әзірміз.
Сонымен бірге біз беріш руының старшыны Исатай Тайманұлының басқаруында қала беруді аса құрметпен өтінеміз, бізді басқаратын бастықтардың барлық бұйрықтары мен әкімдерін сол арқылы алғымыз келеді. Осы Исатай старшын болмайынша, біз өзімізден талап етілетін міндеттерді дәл атқара аламыз деп сенбейміз; өйткені біздің арамызда тыныштық пен тәртіпті әрқашан орнатып келген сол.
Егер біз білдірген тілек оны өзіміздің баяндағанымыздай етіп орындалмайтын болса, біз болашақта бұдан да зор бейшаралықты бастан кешірген күйімізде қала береміз де, біздің халқымыз мүлдем күйзеліп, барынша жоқшылыққа ұшырайды ".[3]
...Жоғары дәрежелі Сізге қоқандықтардың ұлы мәртебелі тақсыр императордың бодандары болып табылатын маған қарасты қырғыздардан қазір 50 және 40 қойдан біздің ешбір келісімімізсіз бір-біреуден баж салығын жинап алғанын хабарлай аламын, соның салдарынан көз жастарын көл етіп, егер біз шын мәнінде Ресейдің боданы болсақ, оның тарапынан ешқандай қорғау болмай отырғаны неліктен? — деседі. Сол себепті барлық жақсы билер жиналып, менен жоғары дәрежелі Сізге өздері және халық үшін ізгі ниет білдіруге өтініш жасауды сұрады. Тағы бір айтатыным: қоқандықтар Алматы өзенінің ағысы бойынша, Ақсары өзеніне жақын қара қырғыздар қонысына айналасы 80 сажын, қалындығы 2 аршын болатын қорған салды, онда бір дуан бегі және онымен бірге 100 адамға жететін әскері бар. Құлан және Әли сұлтандарды еріксіз әкетіп, сол қорғанда қалдырды, қазір онда не болып жатқаны бір құдайға ғана мәлім. Ал біз өз тарапымыздан олардан қатты қорқамыз, өйткені біздің Ресей боданы екенімізді білген олардың бізге қандай болса да зұлымдық істеуі мүмкін...
Осыны куәлаңдырып, 8-класты сұлтан Сүйік Абылайханов өз мөрін басты.[4]
... Біздің болысымыз қаптағайлықтар мен садырлықтардың көп малды барымталап әкетуі салдарынан қазір қатты күйзеліске ұшырады; болыстың өзі қоныстанған жерінен Іле өзенінің арғы жағына қуып тасталды; сонан соң Қоқан ханымен құшбектің әмірімен бізге келген сансыз көп жасауылдар бізді өздеріне бодан болып, салық төлеуге әмір етті. Егер біз қол құсырмайтын және салық төлемейтін болсақ,, олар біздің бүкіл болысымызды тонауға салатын болды, сондықтан оларға салық төлеуге мәжбүр болдық; бұл өткен жылы болған еді. Ал биыл, бізге Ташкенттің құшбегінен дуан бегі Құдайберді басқарған 300 адам тағы да келіп, барлық болыстарды аралап жүр, салық, жинап, түрлі реніштер туғызуда... [5]
Аса қадірлі подполковник Ерофеев! Мен Сізге аса тағзым ете отырып, мыналарды хабарлаймын: Қожа Нияз бастаған хиуалықтар, Жанғазы және Ілкей сұлтанды жақтайтын қырғыздар бекіністе көп болып жиналып, осы жақка өтті; менің қырғыздарымды талап, тонап жүр; оларды бәріңді қырып тастаймыз деп қорқытады. Қырғыздар бұдан өте қорқады, сондықтан да көпшілігі арғы бетке көшіп жатыр, мен оларды еш тоқтата алар емеспін. Маған адал болып қалған 1000 шаңырак, болатын қырғыздарға хиуалықтар мен Жанғазының адамдары шабуыл жасады, олардың барлық мүлкін тонап алып, барлық малын айдап, балалары мен қарттарын тұтқындап жетті. Сөйтіп, 1000-нан астам үй күйзеліске ұшырады, олардан 21 әйел мен бала айдап әкетілді, 30 баласы мен қызы суға тасталды. Мен қарауылға жіберген 5 адамды олар ұстап алыпты; олардың 4-і өлтірілген; олардың басын шауып алып, суға тастапты, ал бесіншісі — Жақанай бидің баласын тірідей тұтқындап, Хиуаға әкетіпті.
Егер Сіз, подполковник Ерофеев, маған дос болсаңыздар және осында шын мәнінде бізді қорғау үшін келіп, өз патшаңыздың әмірімен сол үшін бекініс салсаңыздар, онда маған көмектесіңіздер және тонаушылыққа тыйым салыңыздар, ал оның іздерін менің ауылдарымнан өз көзіңізбен көре аласыз. Осы бір қанқұйлы адамдардың әрекеттері, міне, мынадай: олар киіз үйлерді өртеп, барлық нәрестелердің бесіктерін талқандап, ал өздерін суға тастаған. Егер Сіз көмек бермесеңіз, онда мен өз қырғыздарыма кепіл бола алмаймын. Бір жағынан тонауға ұшырап және Сізден қорған көрмеген соң бәрі Сырдария өзенінің арғы бетіне өтіп кетеді де, сонда біздің халқ-ымыздың қайғы-қасіреті күшейе түседі; толассыз өзара қырқыспайды, өйткені осында орыстар келіп, бекініс салған кезден бастап, ол жақта көшіп жүрген қырғыздар менің қырғыздарыма көп ашулы. Мен мұны Сізге бұрын да хабарлағанмын және Жанғазының өзі маған жазған хаттарында Сізбен достығым үшін мені қорқытқан еді. Мен губернатор мырзада болғанымда, менің орыстармен достығым мені Ілкей мен Жанғазыға ғана емес, сонымен қатар хиуалық пен қоқандықтарға да қарсы каруландырады. Сондықтан да Сізге өз өтінішімді қайталаймын: мені жауларымнан қорғаңыз; менде сіздерден, орыстардан басқа дос қалған жоқ.
Жанкожа батыр әз мөрін басты, оның хатшысы Төлеген қолын басты.[6]
"Төменде аталатын мен өзімнің асқан мархабатты ұлы тақсырым император, бүкіл Ресейдің самодержеці және ұлы мәртебелі император атағымен бүкіл ресейлік тақтың заңды мұрагері ұлы мәртебелі Александр Павловичке алдағы уақытта бұйырса адал, ізгілікті және айтқанынан шық-пайтын боданы болуға, адал боданға лайықты ұлы мәртебеліге ынта-ықыласпен қызмет етуге және ашық та, жасырын да ешқандай қарсылық жасамауға, қайта барлық, нәрседе ұлы мәртебелі императордың жарлығы бойынша іс істеп, жан-тәнімді аямай орындауға; ал өзіме бағынышты халықты әділ сот бойынша тыныштықта ұстауға және ұлы мәртебелі императордың мүдделеріне және өз боданым қырғыз-қайсақ халқының пайдасына қарсы қандай болса да іс-әрекеттен аулақ ұстауға; ал егер өзім мұны істей алмасам, ол жөнінде Ресей шекара командирлеріне дер кезінде хабарлауға тиіспін және солай істеймін деп құдіреті күшті құдайдың атымен уәде беріп ант етемін.
Өзімнің осы антымның қорытындысында құранды сүйіп, өз мөрімді басып отырмын ".
(Бұдан әрі Ұлы жүз сұлтандарының, билері мен атақты қазақтарының 33 мөрі мен таңбалары бар).
Сұлтандар мен билерден Ресей бодандығына ант алған —губерниялық хатшы Тасболат Бекболатов.
Сұлтандар мен билерден ант алған — заңды имам Мұхамед Мұхамедов.
Ант алуды аударғанда губерниялық хатшы Кринкин аудармашы болды. [7]
Үйсін болысының сұлтандарынан, жалайыр, албан, дулат, суан, шапырашты, ысты, андас руларының, көшек, мырза, сүбітай, қалқа, ақбұйым, арықтыным, байшігір, сиыршы, қарасыбан, балғалы бөлімшелерінің; албан руының, айтбозың, сегізсары, қызылбөрік, қоңыр бөрік, әлжан бөлімшелерінің; дулат руының, сыйқым, жаныс, шымыр, бот-бай, сары үйсін бөлімшелерінің cyaн руының, байтөлеу, тұрдымбет, мұрат бөлімшелерінің; шапырашты руының, асыл, шыбыл, әпкіш, екей, есқожа бөлімшелерінің; ысты руының ойық,, тілік бөлімшелерінің билері мен атақты қырғыздарынан:
ӨТІНІШ
Сізден біздің Ресей үкіметінің адал бодандығына өткіміз келетінін, егep бастықтарға қолайлы болса, биылғы жазда Каратамда округ ашуды сұрайтынымызды жоғарыдағы бастықтардың назарына жеткізуіңізді сұрайды.
Сондықтан мөріміз бен таңбамызды басамыз (Бұдан әрі 31 мөр мен таңба басылған). [8]
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: