Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров

Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров

Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров (14 қыркүйек 1912, қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданы15 наурыз 1980, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1972), профессор (1959), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1971).

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері жер астында кен қазу жұмыстарын кешенді механикаландыруға, қазба орындарының сейсмикалық қауіпсіздігін және тау-кен жыныстарының физика-механика қасиеттерін зерттеуге, т.б. арналған. Ол жер астынан кен алу жүйелерінің матрицалық жіктелімін және оларды үйлесімдендірудің геометрикалық тәсілін жасады. Сондай-ақ кен өндірудің техника-экономика тиімділігі жоғары кенүңгірлік жүйемен шапшаң бұрғылаудың жаңа тәсілін тауып, өндіріске енгізген.

Шығармалары

  • Классификация и выбор методов подземной разработки месторождений, А.-А., 1969;
  • Технология добычи руд с твердеющей закладкой, М., 1979 (соавт.);
  • Методы контроля физико-технических параметров подземной разработки руд, А.-А., 1979;
  • Комплексная механизация подземной разработки руд, М., 1981.

Марапаттары

  • Ленин ордені
  • Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.[1]

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

  1. қазақ энциклопедиясы

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!