Әлия Сәрсенқызы Бейсенова

Әлия Сәрсенқызы Бейсенова
Туған күні

25 наурыз 1932 (1932-03-25) (92 жас)

Туған жері

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақ КСР
 Қазақстан

Ғылыми аясы

Физикалық география, Экология

Ғылыми дәрежесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі География ғылымдарының докторы, профессор

Альма-матер

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Марапаттары


Құрмет ордені
Құрмет ордені
медаль Ветеран труда
Қазақстан мемлекеттік сыйлығы
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Әлия Сәрсенқызы Бейсенова (25 наурыз 1932 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кентінде туған) — қазақстандық ғалым, География ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті Қызыметкері. «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгінің иегері. Ш.Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Қазақ КСР Еңбек сіңірген мұғалімі. Қазақстанның физикалық географиясы, экологиясы, дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы бойынша жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдардың, монографиялардың т.б ғылыми зерттеу еңбектерінің, ғылыми мақалалардың авторы.

Жалпы мәліммет

Әлия Сәрсенқызы Бейсенова 25 наурыз, 1932 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданындағы Көнек деген жерде (кейін К.Маркс атындағы колхоз болған) дүниеге келген.

1940-1949 жж. - Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебінде оқыған. 1949-1950 жылдары отбасы жағдайымен Қызылордаға ауысып, М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесін қызыл дипломмен бітірген. 1950-1954 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұрынғы Абай атындағы педагогикалық институты) ның география факультетінде оқыған. Институтты қызыл дипломмен бітірген.

Білімі

  • 1950-1954 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұрынғы Абай атындағы педагогикалық институты) ның география факультетінде оқыған. Институтты қызыл дипломмен бітірген.
  • 1960-1963 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында география мамандығы бойынша аспирантурада оқиды.[1]

Еңбек жолы

  • 1954-195 жылдары Қазақтың мемлекеттік баспасында (қазіргі "Қазақстан" баспасы) редактор болып істеді.
  • 1959 – 1960 жылдары сол баспаның қасынан ұйымдасқан "Қазақ календары" редакциясына аға редактор болып ауысады.
  • 1963-1965 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұрынғы Абай атындағы педагогикалық институты) сол институттың физикалық география кафедрасының ассистенті.
  • 1965-1968 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұрынғы Абай атындағы педагогикалық институты) сол институттың физикалық география кафедрасының аға оқытушысы.
  • 1981 жылы ҚазПИ-дің физикалық география кафедрасының меңгерушісі болып сайланды.
  • 1986 ж. - Ә.С.Бейсенованың ұсынысымен ҚазПИ-дің, физикалық география кафедрасыньң жанынан "Ландшафттар экологиясы және табиғатты қорғау" атты лаборатория ұйымдастырылды оны осы биобиблиографияның авторы өзі баскарды.
  • 1989 ж. - Ә.С.Бейсенованың ұсынысы және тікелей қатысуымен ҚазПИ-дің жаратылыстану-география фақультетінің құрамында экология бөлімі ашылды.
  • 1991 жылы Ә.С.Бейсенованың ұсынысы және тікелей қатысуымен ҚазПИ-де география жөне экология факультеті ұйымдасты.
  • 1991-1999 жылдары География және экология факультетінің деканы болып сайланып, жұмыс істеді.
  • «Қазақстан географиясы және экология» кафедрасының меңгерушісі болып сайланды.

Қоғамдық қызыметтері

  • 1970-1980 жылдары Қазақ Энциклопедиясының жанында география мамандығы бойынша қүрылған редакциялық кеңестің мүшесі.
  • 1971 жылы Ғылым тарихы жөніндегі Мәскеу қаласында өткен ХІІІ халықаралық кеңестің жүмысына қатысады.
  • 1980 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өткен СССР географиялық қоғамының VII съезіне қатысады.
  • 1985 жылы Киев қаласында өткен СССР географиялық қоғамының VIII съезіне қатысты.Географиялық қоғамның тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды.
  • 1990 жылы Қазан қаласында өткен СССР географиялық қоғамының IX съезіне қатысты.
  • 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.
  • 1995 жылы Қазақстанның "Экология" халық академиясының академигі болып сайланды.
  • 1996 жылы Қазақстан жоғары мектебі ғылым академиясының академигі болып сайланды.
  • 1998 ж. - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі.

Ғылыми еңбектері

  • 1967 жылы 27 маусымда Мәскеуде СССР Ғылым академиясының Жаратылыстану мен техника тарихы институтында "Қазақстан территориясының физикалық-географиялық тұрғыда зерттелуі (1917-1941 жылдар)" деген тақырыпта география ғылымының кандидаты ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғайды. Диссертацияны Жоғарғы аттестациялық комиссия 1968 жылы 8-мамырда бекіткен.
  • 1970 жылы КСРО Министрлер кеңесінің жанындағы Жоғарғы аттестациялық комиссияның шешімімен (протокол № 13/11, 13-наурызда) доцент ғылыми атағы берілді.
  • 1979 жылы "Қазақстан табиғатын зерттеу" атты монографиясы жарық көрді.
  • 1984 ж. - маусым айында Баку қаласында Әзірбайжан Ғылым академиясының география институтында "Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық-географиялық идеялардың дамуы (көне дәуірден 1917 жылға дейін)" деген тақырыпта география ғылымының докторы ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғады. Диссертацияны Жоғарғы аттестациялық комиссия сол жылдың 28-желтоқсанында (протокол № 51 д/29) бекітті.

1985 ж. - Жоғарғы аттестациялық комиссия профессор ғылыми атағын берді (протокол № 25 пк/д. 19-шідде).

  • 1987 жылы "Табиғатты алғашқы ашушылар" атты зерттеу еңбегі жарық көрді.
  • 1990 жылы "Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық-географиялық идеялардың дамуы" атты зерттеуі жеке кітап болып басылды.
  • 1994 жылы "Қазақстанның физикалық географиясы" атты орта мектептің VIII сыныбына арналған оқулығы (К.Кәрпеков, М.Қалиев, Н.Молдағүловпен бірге) жарық көрді.
  • 1999 жылы "Атамұра" баспасы "Экология" атты оқулығын жариялады (Ж.Шілдебаевпен бірге).
  • 2000 жылы Мәскеуде "Дизайн" баспасынан "Қазақстанның географиялық Атласы" үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жарық көрді.
  • 2000 жылы "Қазақстанның физикалық географиясы" атты жаңа оқулық (орта мектептің VIII сыныбына арналған) бастырды. (К.Кәрпековпен бірге), оқулық қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде шықты.
  • 2000 жылы "Материктер мен мүхитгардьщ географиясы" атты орта мектептің VII сыныбына арналған оқулығы (С.Әбілмәжінова, К.Қаймулдиновамен бірге) қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде басылды.
  • 2000 жылы "Экологиялық білім мен тәрбие беру" атты кітабы (Ж.Шілдебаевпен бірге) жарық көрді.

2001 ж. - "Қазақстандағы географиялық зерттеулердің тарихи негіздері" атты монографиясы жарық көрді. Қазақстандағы тұңғыш эколог-географ мамандар даярланды. Бейсенова 350-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 20 монография, геогр. атлас пен оқулықтардың авторы.

Ғылыми атақтары

  • 1967 жылы «География ғылымдарының канидаты» атағы;
  • 1970 жылы доцент;
  • 1984 жылы «География ғылымдарының докторы» құрметті ғылыми атағы;
  • 1985 жылы профессор (атағы);
  • 1995 жылы Қазақстанның "Экология" халық академиясының академигі.
  • 1996 жылы Қазақстан жоғары мектебі ғылым академиясының академигі.
  • 2003 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.

Мемлекеттік марапаттары

  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасымен марапатталған.
  • 1980 жылы "Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері" атағы берілді.
  • 1983 жылы «КСРО жоғары білім саласындағы үздік табыстары үшін" медалімен марапатталды.
  • 1987 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен, "Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жоғарғы мектеп қызметкері" құрметті атағы берілді;
  • 1987 жылы КСРОның «Еңбек ардагері» медалі;
  • 1988 жылы «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгінің иегері;
  • 1996 жылы президент жарлығымен «Құрмет ордені» мен мараптталды.
  • 2001 жылы "Қазақстандағы географиялық зерттеулердің тарихи негіздері" монографиясы үшін Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің шешімімен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді.
  • 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» мемлекеттік медалі;
  • 2006 жылы АҚШ Библиография институтының шешімі бойынша «2006 жылғы жыл әйелі» атағымен және медалімен марапатталды.
  • 2006 жылы Шымкент қаласының Құрметті азаматы (атағы);
  • 2007 жылыдың 30 наурызында ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке қабылдауында болып, қазақ ғылымына сіңірген айрықша еңбектері үшін еліміздің жоғарғы наградасы «Парасат ордені» мен марапаттады.
  • 2007 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
  • 2007 жылы Созақ ауданының Құрметті азаматы (атағы);
  • 2008 жылы «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 20 жыл» медалі;
  • 2008 жылы «Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіне 80-жыл» медалі;
  • 2008 жылы «ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 20 жыл» медалі;
  • 2010 жылы Қазақтың Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кеңесінің шешімімен «Университеттің үздік профессоры» атағын алды.
  • 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы кезіндегі азаматтық белсенділігі үшін Алматы қаласының әкімі «Алғыс хат» тапсырды.
  • 2013 жылы Тәуелсіздік күні мейрамы қңында Елбасымыз Ә.Бейсенова бастаған бір топ географ-ғалымдарға «Қазақстан Республикасының атластық картографиялау саласындағы ғылыми жұмыстар топтамасы» үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығын табыстады.
  • 2014 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері атанды.

Жеке өмірі

Тұрмыс құрған.

  • Жұбайы - Серік Смайылұлы Қирабаев, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. «Отан» Орденінің иегері.
  • Ұлдары - Қирабаев Нұр, философия ғылымдарының докторы, профессор;
  • Қирабаев Әлім, ҚР СІМ Америка департаменті директорының орынбасары.

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Read other articles:

Former United States Naval station near Seattle, WA Not to be confused with Puget Sound Naval Shipyard in Bremerton, Washington. Naval Station Puget SoundNaval Air Station SeattleSand Point, Seattle, Washington in the United StatesNS Puget SoundLocation in the United StatesCoordinates47°40′55.1″N 122°15′19.7″W / 47.681972°N 122.255472°W / 47.681972; -122.255472 (Naval Station Puget Sound)TypeNavy base and naval air stationSite informationOwnerD...

 

Monarchismus ist die staatstheoretische Position zugunsten der Monarchie, das heißt beispielsweise des vererbbaren oder gewählten König- oder Kaisertums, wobei die Bezeichnungen für Monarchen abhängig von Sprache und Tradition variieren. Neben dem Kaiserreich Japan existieren heute Königreiche, ein Großherzogtum (Luxemburg), Fürstentümer, Sultanate und Emirate als souveräne Staaten mit monarchischer Spitze. Auf subnationaler, aber konstitutionell bedeutsamer Ebene sind die monarchis...

 

موتور يحيي بلوردي موتوريحيي بلوردي  - قرية -  تقسيم إداري البلد  إيران المحافظة كرمان المقاطعة أرزوئیة الناحية الناحية المركزية القسم الريفي Arzuiyeh السكان معلومات أخرى التوقيت توقيت إيران (+3:30 غرينيتش) توقيت صيفي توقيت إيران (+4:30) تعديل مصدري - تعديل   موتور یحیی

School district in Essex County, New Jersey, United States Newark Public SchoolsAddress756 Broad Street Newark, Essex County, New Jersey, 07102United StatesCoordinates40°44′16″N 74°10′16″W / 40.737868°N 74.171044°W / 40.737868; -74.171044District informationGradesPreK-12SuperintendentRoger LeónBusiness administratorValerie WilsonSchools63Affiliation(s)Former Abbott districtStudents and staffEnrollment40,423 (as of 2020–21)[1]Faculty2,886.5 FTEs&#...

 

Balkenprobe aus dem Rathaus von Gödenroth (Eichenholz) Die Dendrochronologie (von altgriechisch δένδρον déndron, deutsch ‚Baum‘, χρόνος chrónos, deutsch ‚Zeit‘, λόγος lógos, deutsch ‚Lehre ,Wissenschaft‘‘; also „Lehre/Wissenschaft vom Baumalter“, auch Baumringchronologie und Baumringdatierung genannt) ist eine Datierungsmethode der Geowissenschaften, der Archäologie, der Kunstwissenschaft und der Dendroökologie, bei der die Jah...

 

Пукара в Тілкарі, Перу Пукара (pucara) — тип укріплення в державах Пукара, Колья та імперії інків Тауантінсую. За часи останніх спорудження пукара досягло найбільшого розвитку та поширення: від сучасного Еквадору до Чилі. З мови кечуа пукара перекладається як фортеця. Істо

Human settlement in EnglandBrackenthwaiteBrackenthwaiteLocation in Allerdale, CumbriaShow map of the former Allerdale BoroughBrackenthwaiteLocation within CumbriaShow map of CumbriaOS grid referenceNY151221Civil parishButtermereUnitary authorityCumberlandCeremonial countyCumbriaRegionNorth WestCountryEnglandSovereign stateUnited KingdomPost townCOCKERMOUTHPostcode districtCA13Dialling code01900PoliceCumbriaFireCumbriaAmbulanceNorth West UK ParliamentCop...

 

Ethnic group in Indonesia Lampung peopleUlun Lampung (in Lampung Api)Jamma Lappung (in Lampung Nyo)A Lampung bride and bridegroom in 1987. Both of the couples are of the Sungkai Bungamayang clan. The traditional headgear of the bride, which is called Siger, is commonly used in Lampung weddings.Regions with significant populations Indonesia1,381,660[1]            Lampung1,028,190        ...

 

Presidency of Company rule in India Bantam PresidencyPresidency of Company rule in India1617–1682 FlagBantam in 1617HistoryHistory • Established 1617• Disestablished 1682 Preceded by Succeeded by Banten Sultanate Dutch East Indies Madras Presidency Bantam Presidency was a presidency established by the British East India Company and based at the Company factory at Bantam in Java. Founded in 1617, the Presidency exercised its authority over all the Company factories in Indi...

Radio Televizija Srbije Land  Servië Programmadirecteur Aleksandar Tijanic Startdatum 24 maart 1929 (radio) & 23 augustus 1958 (televisie) Omroepsoort Nationale omroep Genre kunst, cultuur, politiek, nieuws/actualiteit, religie Motto of slagzin Vaše pravo da znate sve (Jouw recht om alles te weten) & Gledaj.Slušaj.Misli (Kijk.Luister.Denk) Website Lijst van televisiezenders Portaal    Televisie RTS-hoofdkantoor in Belgrado Radio Televizija Srbije (Radio Televisie Ser...

 

University-level institution teaching business administration For other uses, see The Business School. Harvard Business School in Boston, founded in 1908 ESCP Business School in Paris, founded in 1819 Budapest Business School in Budapest, the first public business school, founded in 1857 Wharton School in Philadelphia, founded in 1881[1] University of St. Gallen in St. Gallen, Switzerland, founded in 1898 Hanken School of Economics in Helsinki, founded in 1909 A business school is an ...

 

Menteri Perhubungan IndonesiaPetahanaBudi Karya Sumadisejak 23 Oktober 2019Ditunjuk olehPresiden IndonesiaPejabat perdanaAbikoesno TjokrosoejosoDibentuk19 Agustus 1945 Berikut adalah daftar orang yang pernah menjabat sebagai Menteri Perhubungan Indonesia. Daftar Menteri Perhubungan No Potret Nama Kabinet Dari Sampai Keterangan 1 Abikoesno Tjokrosoejoso Presidentil 19 Agustus 1945 14 November 1945 [A][note 1][1] 2 Ir.Abdulkarim Sjahrir I 14 November 1945 28 Februari 1946 S...

Irish lawyer, judge and politician For other Jonah Barringtons, see Jonah Barrington (disambiguation). Sir Jonah Barrington, K.C.K.C.Member of Parliament for ClogherIn office1798 – January 1800Member of Parliament for TuamIn office1790–1798 Personal detailsBornKnapton, Abbeyleix, Queen's County, Ireland1756/7Died8 April 1834 (aged abt 77)Versailles, FrancePolitical partyPatriot PartyAlma materTrinity College DublinMilitary serviceBranch/serviceIrish Volunteers Sir Jonah Barringto...

 

13th-century Archbishop of Canterbury and writer John PeckhamArchbishop of CanterburyEffigy from Peckham's tomb in Canterbury CathedralAppointed25 January 1279Term ended8 December 1292PredecessorRobert BurnellSuccessorRobert WinchelseyOrdersConsecration19 February 1279by Pope Nicholas IIIPersonal detailsBornc. 1230SussexDied8 December 1292MortlakeBuriedCanterbury CathedralDenominationCatholic Ordination history ofJohn PeckhamHistoryEpiscopal consecrationConsecrated byPope Nicholas ...

 

Terdapat 216 administrasi Komune di Mauritania yang telah diakui oleh Republik Islam Mauritania. Kota Agrikultur Adel Bagrou, Aere Mbar, Aghchorguitt, Ain Ehel Taya, Aioun, Ajar, Aleg, Amourj, Aoueinat Zbel, Aoujeft, Arr, Atar, Azgueilem Tiyab, Bababe, Bagrou, Barkeol, Bassiknou, Bethet Meit, Boghé, Bokkol, Bou Lahrath, Bougadoum, Bouheida, Bouhdida, Boulenoir, Bouly, Boumdeid, Bousteila, Boutilimitt, Cheggar, Chinguitti, Dafor, Daghveg, Dar El Barka, Dionaba, Djeol, Djiguenni, El Ghabra, El...

Questa voce o sezione sull'argomento centri abitati del Connecticut non cita le fonti necessarie o quelle presenti sono insufficienti. Puoi migliorare questa voce aggiungendo citazioni da fonti attendibili secondo le linee guida sull'uso delle fonti. SuffieldtownSuffield – Veduta LocalizzazioneStato Stati Uniti Stato federato Connecticut ConteaHartford TerritorioCoordinate41°59′00″N 72°41′28″W / 41.983333°N 72.691111°W41.983333; -72.691111 (Suffi...

 

List of definitions of terms and concepts related to poetry Further information: Poetry This is a glossary of poetry. This is a glossary of poetry terms. Basic composition Accent Vedic accent Cadence: the patterning of rhythm in poetry, or natural speech, without a distinct meter. Line: a unit into which a poem is divided. Line break: the termination of the line of a poem and the beginning of a new line. Metre (or meter): the basic rhythmic structure of a verse or lines in verse. Metres are i...

 

Tuhaj-bejArğın Doğan Toğay bey Tuhaj-bej na obrazie Jana Matejki Bohdan Chmielnicki z Tuhaj-bejem pod Lwowem (1885) Data urodzenia ok. 1601 Data śmierci czerwiec 1651 Przebieg służby Lata służby przed 1642–1651 Siły zbrojne Tatarzy krymscy Tuhaj-bej (krymskotat. Toğay bey, ukr. Тугай-бей, ros. Тугай-бей), właściwie Arğın Doğan Toğay bey (ur. ok. 1601, zm. w czerwcu 1651) – przywódca polityczny i wojskowy Tatarów krymskich. Życiorys Pocho...

一般県道(一部自動車専用道路) 静岡県道406号仁杉柴怒田線 路線延長 1.480 km 制定年 1995年(平成7年) 開通年 2021年(令和3年) 起点 静岡県御殿場市仁杉 終点 静岡県御殿場市仁杉 接続する主な道路(記法) E1A 新東名高速道路 国道138号静岡県道418号須走御殿場線 ■テンプレート(■ノート ■使い方) ■PJ道路 静岡県道406号仁杉柴怒田線(しずおかけんどう406ご...

 

This article is an orphan, as no other articles link to it. Please introduce links to this page from related articles; try the Find link tool for suggestions. (March 2019) Tom HanafanMayor of Council BluffsIn officeJanuary 4, 1988[1] – January 2, 2014[2]Succeeded byMatt Walsh Personal detailsPolitical partyDemocraticAlma materUniversity of South Dakota Tom P. Hanafan is the former mayor of Council Bluffs, Iowa and is a past president of the Iowa League of Cities. ...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!