Әлам ад-Дин Әл-Жауһари

Әлам ад-Дин Әл-Жауһари, Ибн Исмаил Әбу-л- Хасан әл-Жауһари әл-маңғұт Әлам ад- Динәл-БағдадиОтырар даласынан шыкқан атақты ғалым, ғұлама. Исмаил әл-Жауһари әл-Фарабидің ұлы. Арғы ата-тегі отырарлық ғалым Бағдад қаласында туылғандықтан, сауатын да Бағдад медреселерінің бірінен ашқан деуге негіз бар. Ибн Сайд әл-Кифти Әлам ад-Дин Әл-Жауһариді "белгілі әскер басы ("ар-раккаб салар"), ғалым ("алим фи-л-илм"), Бағдадтың даналары мен тамаша ойшылдары арасында геометрия ("илм ал-һандаса") мен математика ("ар-рийадат") саласында алғыр ақыл ("аз- зака") иесі, өте зерек еді" — деп көрсетеді. Сөйтіп, отырарлық тілшінің баласы тек ғалым ғана емес, сонымен қатар қолбасшылығымен аты шыққан. Бірақ Әлам ад-Дин Әл-Жауһаридің қандай соғыс, қандай ұрыстарда қолбасшылығымен атағы шыққандығы белгісіз. Ол өмір сүрген жылдарда өзара кырқысулар мен көтерілістер нәтижесінде Аббас әулеті құрған үлкен империя ыдырап, жеке иеліктерге бөлініп кеткен. Өз алдына билік құрған сұлтандар мен әміршілер атағын шығару үшін сарайларына сол кездегі қарасөз зергерлері мен жезтандай әншілер, ғалымдар мен дәуір даналары, ақындар мен ойшылдарды жарыса тартқан. Әлам ад-Дин Әл-Жауһари осындай кезде және ғалым отбасында дүниеге келгендіктен, жақсы тәрбие, үлкен білім алған. Ғалым негізінен ас¬трономия, геометрия, матема¬тика, филология секілді ғылым салаларына қатысты еңбектер жазған. Ибн Сайд әл-Кифти отырарлык ғалымның геометрия мен математика саласында өз замандастарынан озық көрінгенін айтқанымен, нақтылы еңбектерін атамаған. Сондай-ак оның астрономиялық аспап ("әл-алата-л-фа-лакийа") жасап, оны пайдаланғанын еске алғанымен, оның қандай аспап екенін анықтай қоймаған. Оның ғалым болуына ата жұртынан шыққан әкесінің жерлестері Ғаббас әл-Жауһари, Әбу Насыр ал-Фараби мен Исхақ әл-Фарабидің шығармалары әсер еткен деуге болады.

Әлам ад-Динді кейде энциклопедист ғалымдар санатына да жатқызуға болады. Оған ғылымның барлық саласымен айналысуына тура келді. Ғалым көркемсез өнерінде де озық көрінген. Замандастарының жазуынша: "Бағдадтықтар оның шешендік еөздері мен еңбегін әдемі сый ретінде пайдаланған". Бірақ өкінішке орай, оның нақтылы сөздері немесе жинағы туралы дерек бізге жетпеген. "Әйел көркі — жүзінде, Еркек көркі — ісінде" деген өлең жолдары аркылы отырарлық ғұламаның акын болғандығын да байқау қиын емес. Оның бәйіттері классик, араб әдебиетінің көрнекті өкілдері, өзінің замандастары аш-Шариф ар-Ради (970—1016), әл-Мағарри (973-1057) шығармаларындағы ғазал (махаббат лирикасы), мадх (мадақ), уасф (суреттеу), т.б. белгілі жанрларға емес, әдетте ғалым, оқымысты акындар жырларынан жиі көрініс табатын афоризм, нақылға тән.[1]

Дереккөздер

  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!