Әз-Замахшари

Әбул-Қасим Махмуд ибн Омар ибн Мұхаммед ибн Омар әл-Хорезми әз-Замахшари атақты мутазила ғалымы, Құран тәпсіршісі, әдебиет білгірі. Һижра бойынша 467 ж. (1074) раджаб айының 27 жұлдызында, бейсенбі күні Замахшар (араб.: زَمَخْشَر‎) қаласында дүниеге келген. Имам әс-Самғани ол туралы айтады:

«Әдебиеттің білгірі, көптеген шығармалардың авторы, Ирак пен Хорасанда білім алған. Ол қай қалаға келсе де, оған жиналып, сабақ алатын болған. Ол шежіренің (генеалогия) білгірі болған»

— «Китаб әл-Ансаб»; әс-Самғани

Сенімдері

Әз-Замахшари ақида негіздерінде мутазили, фиқһте ханафи мазһабын ұстанған. Мутазила мазһабын таратумен айналысып, соған арнап кітаптар жазған. Өзін «Әбул-Қасим әл-Мутазили» деп атаған. Ол Құран Кәрімнің аяттарын мутазилиттердің сеніміне сай тәпсірдеуде алдына жан салмай еңбектенген, әлі күнге шейін тілдік талдау жағынан ұқсасы жоқ «әл-Кашшаф» тәпсірін жазған.

Дереккөздер


Тағы қараңыз

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!