Тәпсір (араб.: تفسير тәфсӣр) — араб тілінен аударғанда мағынасын ашу, баяндау мағынасын береді. Ислам дінінде — Құранның мағыналарын түсіндіру, оның ішіндегі сенім, ғайып, хикметтер мен үкімдерге байланысты аяттарға түсініктеме беру[1].
Шығу тегі және анықтамасы
Бастапқыда Құранды түсіндіру Мұхаммед пайғамбардың ﷺ Сүннеті арқылы, яғни оның белгілі бір аяттарға қалай амал еткені, оларды қалай тіүсіндіргені туралы хадистермен және оның ең жақын сахабаларының сөздерімен жүзеге асты. Мұхаммед әл-Бұхари мен Муслим ибн әл-Хәджадж секілді мухаддис ғалымдар өзденінің хадис жинақтарында Құранның белгілі бір аяттарының түсіндіруге арналған хадистер мен асарларды жинақтады. Ибн Джарир әт-Табари және Ибн Әбу Хатим сияқты тәпсір ғылымын зерттеген ғұламалардың арқасында бұл ғылымның ерте кезеңі аяқталып, Исламның ерекше бір пәні ретінде қалыптасты.
Арабтың тәпсір (араб.: تفسير, тафсӣр) сөзі «баяндау, мағнасын ашу» ұғымын білдіреді. Шариғаттаға тәпсір сөзінің мағынасы: қасиетті кітапты дұрыс түсінуге, аяттардың мағынасын дұрыс жеткізуге және дұрыс үкімдер шығаруға көмектесетін барлық әдістерді қолдану арқылы Құранды түсіндіру, «тәпсірлеу»[2].
Әз-Заркаши айтады:
«
|
Тәпсір — біздің пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ түсірілген Аллаһтың Кітабын дұрыс түсінуге көмектесетін, оның мағынасын баяндап, одан үкімдер мен өсиеттерді шығаратын ғылым. Ол мағлұматтарды лексикология ғылымынан, синтаксис пен сөзжасамнан, риторикадан, фиқһ негіздерінен, Құран қыраттары туралы ғылымнан алады және (аяттардың) түсу жағдайы туралы білімге, насих (үкімді жоюшы) пен мансухты (үкімі жойылған) білуге мұқтаж.[3]
|
»
|
Тәпсір ғылымын, яғни Құран Кәрімді біреулердің түсіндіруін кейбір мұсылмандар артық санайды, яғни оның мағынасы негізінен анық және тәпсірге мұқтаж емес дейді. Мұсылман ғалымдар тәпсірлердің пайда болуының үш себебін айтады:
- Аллаһ тағаланың білімінің күші мен хикметі соншалықты, Ол бір ауыз сөздің өзіне бірнеше мағына салып, көп адам біле бермейтін терең мағыналы қылуы мүмкін.
- Аллаһ тағала бір нәрсе туралы айтып жатқан кезде оның себебі болған оқиғаларды немесе аяттан шығатын үкімді айтпауы мүмкін. Ал Құранды, Сүннетті талдап осы себептер мен үкімдерді табу әркімнің қолына келе бермейді. Тәпсіршінің міндеті осы түсініксіздіктерді баяндау.
- Сонымен қатар Құранда астарлы немесе көп мағыналы, түсінілуі қиын, аз кездесетін сөздер мен сөзтіркестер келуі мүмкін. Ал бұларды түсіндіру үшін тіл білімі, соған қоса шариғат терминологияларын білу қажет.
Бұның мысалы ретінде Ади ибн Хатимның «қара және ақ жіптер» туралы аят түскенде оны тікелей түсініп, таң уақытын білу үшін қара және ақ жіптерді байлауын келтіруге болады. Бұл затты пайғамбардан ﷺ сұрағанда, ол бұл аяттардағы «қара және ақ жіп» дегеніміз таңның ағаруы мен түннің қараңғысы екенін түсіндіреді[4].
Дереккөздер
- ↑ تفسير — AlMaany.com (ар.)
- ↑ «На пути к Корану» — Э. Р. Кулиев (128)
- ↑ «әл-Итқан» (52)
- ↑ «әл-Итқан» (53-54)
Тағы қараңыз