Әділ Шаяхметұлы Шаяхметов

Әділ Шаяхметұлы Шаяхметов
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 10-төрағасы
Ту
Ту
9 желтоқсан 2009 — 23 тамыз 2010
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Ізашары Амангелді Шабдарбаев
Ізбасары Нұртай Әбіқайұлы
Өмірбаяны
Білімі Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Дүниеге келуі 20 қаңтар 1956 (1956-01-20) (68 жас)
Каганович ауылы, Жамбыл ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР
Әскери қызметі
Қызмет еткен жылдары 1982 бастап
Әскер түрі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Атағы генерал-лейтенант
Марапаттары
2 дәрежелі Даңқ ордені

Әділ Шаяхметұлы Шаяхметов (20 қаңтар 1956, Каганович ауылы, Жамбыл ауданы, Алматы облысы) — Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, генерал-майор.

Өмірбаяны

Шапырашты руынан шыққан.[1] 1956 жылы 20 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданының Каганович ауылында туған. Әкесі - Ғайнанов Шаяхмет, марқұм, ҰОС ардагері, ветеринар-техник болып еңбек еткен. Анасы - Ғайнанова Сонымбүбі, зейнеткер, ардақты ана, Алматы облысы Жамбыл ауданы «Ұзынағаш» кеңшарының жұмысшысы болған.

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін бітірген (1978), тау-кен инженер-электригі; КСРО МҚК Жоғары курстарын (Минск, 1982) бітірген.

  • 1978 жылдан - ҚазКСР Арнайы монтаждық құрылыс министрлігінің «Қазақ жарылыс өнеркәсіп» тресінің Жезқазған облыстық мамандандырылған басқармасында энергетик, учаске шебері.
  • 1981 жылдан - КСРО МҚК Жоғары курстарының тыңдаушысы.
  • 1982 жылдан - Жезқазған облысы бойынша ҚазКСР МҚКБ Қаражал қалалық бөлімшесінің жедел өкілі, аға жедел өкілі, Ағадыр аудандық бөлімшесінің аға жедел өкілі.
  • 1992 жылдан - Жезқазған облысы бойынша ҚРҰҚКБ Ағадыр аудандық бөлімшесінің бастығы.
  • 1994 жылдан - Шонжы және Жаркент шекара отрядтары бойынша ҚР ҰҚК әскери қарсы барлау бөлімдерінің бастығы, ҚР ҰҚК Әскери қарсы барлау басқармасы бастығының кадрлар жөніндегі орынбасары, ҚР ҚК жалпы арналымдағы күштері бойынша ҚР ҰҚК Әскери қарсы барлау басқармасының бастығы, ҚР ҰҚК Жедел-техникалық департаменті бастығының бірінші орынбасары.
  • 1999 жылдан - ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім беру департаментінің бастығы, бас әскери инспекцияның генерал-инспекторы.
  • 2002 жылдан - Павлодар облысы бойынша ҚРҰҚКД бастығы.
  • 2006 жылдан - Алматы облысы бойынша ҰҚКД бастығы.
  • 2007 жылдан - ҚРҰҚК төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2009 жылдың желтоқсан айынан - ҚРҰҚК төрағасы.
  • 2010 жылдың қыркүйек айынан бері - ҚРҰҚК Академиясы ның бастығы.

Марапаттары

Орденмен; «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» (1988), 3-ші дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» (1991), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2002), «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 10 жыл» (2002), 3-ші дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» (2002), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен, 3-ші дәрежелі «ҰҚК-КНБ-Қазақстан» (1997), 1-ші дәрежелі «Қайсар» (2001) белгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыстармен марапатталған. ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері.

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Шаяхметова Гүлнәр Ізтілеуқызы (1955 жылы туған), ҚР ҰҚК Шекара қызметінде әскери қызметкер. Ұлы - Әлен (1981 жылы туған); қыздары - Анель (1983 жылы туған), Әсел (1988 жылы туған).[2]

Дереккөздер

  1. Құрастырушы авторы А.Байғазыұлы Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Сары Үйсін. Шапырашты — Алматы: Издательство Өнер, 2000. — ? б. — ISBN 5-89840-441-4.
  2. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!