Ұрықжолдастылар

Ұрықжолдастылар
Қазбалық ауқымы: Late Cretaceous-Holocene
Жолбарыс
Ғылыми топтастыруы
Subgroups
Ұрықжолдасы

Ұрықжолдастылар, плаценталылар (Eutheria, Placentalia) — қазіргі сүтқоректі жануарлардың инфракласы. Инфракласс — жануарлар жүйеленуінде класс тармағы мен отряды арасынан орын алады. Бұл класс өкілдерінің бәрінің де ұрық дамуында ұрықжолдасы қатысады (қараңыз Плацента). Ол ұрықты жатырдың қабырғасындағы бұлшық еттермен байланыстырады. Ұрықжолдастыларда қалталы сүтқоректілерде болатын арнайы қалта және қалталы сүйектер болмайды. Ұрықжолдастылардың ұрпақтары жақсы жетіліп туады әрі өз беттерінше еме алады. Бұлардың астыңғы жақ сүйегінің бұрыштық өскіні ішке қарай иілмеген. Алдыңғы миы айқын ми сыңарларына бөлініп, оның сыртында ми қыртысы (неопаллиум) өте жақсы дамыған, әрі ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы байланысқан. Ұрықжолдастылардың көпшілігінің тістері айқын жіктеліп, сүт және тұрақты тістерге бөлінген. Ересектерінің дене температурасы жоғары әрі тұрақты.

Ұрықжолдастылардың қазіргі кезде 17—18 отряды бар: жәндікқоректілер, жүнқанаттылар, қолқанаттылар, приматтар, толықемес тістілер, панголиналар, қоянтәрізділер, кеміргіштер, киттәрізділер, жыртқыштар, ескекаяқтылар, түтіктістілер, тұмсықтылар, дамандар, сирендер, сірітабандылар, тақтұяқтылар және жұптұяқтылар. Ұрықжолдастылар жер шарының барлық құрлықтары мен мұхиттарында кең тараған. Қазақстанда 8 отряды, 170-ке жуық түрі белгілі. Ұрықжолдастылардың жануарқоректі, өсімдікқоректі және аралас қоректенетін түрлері де кездеседі. Олардың көпшілік түрінің кәсіптік мәні бар. Ұрықжолдастыларды бағалы ұлпаны, терісі, еті, майы, т.б. өнімдері үшін аулайды.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!