Басқа мағыналар үшін Қызылжар деген бетті қараңыз.
Қызылжар — Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Төрткөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Темірлан ауылынан солтүстік-батысқа қарай 60 км, округ орталығы – Төрткөлден солтүстікке қарай 5 км жерде, Арыс–Түркістан каналының жағасында.
Климаты
Ауыл климаты қоңыржай континенттік. Қары аз, қысы жұмсақ. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -5—7°С, жаз айлары 26— 28°С. Қыс айларындағы төменгі температура -30°С, жаз айларында 48°С. Қыстағы желдің басым бөлігі (45%) солтүстік-шығысқа, жазда солтүстікке (45%) келеді.
Ауыл тұсынан Қаратау жотасынан (солтүстік-шығыстан) әйгілі Арыстанды-Қарабас желі тұрады. Ол Арыстанды өзенінен бойлай оңтүстік-батысқа қарай бағытталған. Желдің күші 30—35 метр/секундқа дейін жетеді және кемінде 6—8 күн бойы қатарынан соғады. Қыста ауа температурасын тез төмендетіп жібереді (-22°С-қа дейін). Ал жазда соққан бұл жел аңызақты келеді. Нәтижесінде қуаңшылық болып, шаруашылыққа үлкен зиян келтіреді.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
1369 |
▲1665 |
▼1570 |
94,3 |
835 |
▼799 |
95,7 |
830 |
▼771 |
92,9
|
Тарихы
Ауыл 1997 жылға дейін Қ.Спатаев атындағы кеңшардың бөлімшесі болып келді. Оның негізінде Қызылжарда жүгері, мақта, күнбағыс өсірумен және мал шаруашылығыменмен (қой, сиыр, т.б.) айналысатын 100 шақты шаруа қожалықтары құрылды.
Шаруашылығы
Қазіргі таңда ауыл халқы көкөінс өнімдері (пияз, кортоп, қызанақ, қауын - қарбыз т.б),мал астықтары ( жүгері, жоңышқа) егіледі. Егістікке Арыс - Түркістан каналының суы пайдаланылады.Мал шаруашылығы ішінде ірі қара жəне қой өсіру қолға алынған.
Әлеуметтік-мəдениет саласы
Ауылда алғаш мектеп 1967 жылы 8-жылдық боп ашылған. Кейін 1984 жылы орта білім беру мекемесіне айналды. Қазір оқу орнында 482 оқушы білім алады. Сондай-ақ ауылда клуб, клуб жанындағы ауыл кітапханасы жəне ауыл маңынан ашылған спортзал жұмыс жасайды. Спортзалда Бокс үйірмесі ұйымдастырылған. Ауыл орталығында орналасқан дəрігерлік емхана халыққа қызмет көрсетеді.
Дереккөздер