Басқа мағыналар үшін Шұбар деген бетті қараңыз.
Шұбар — Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл, Шұбар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Темірлан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде Арыс, Шұбар өзендерінің бойында орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
2664 |
▲3539 |
▲3789 |
107,1 |
1754 |
▲1991 |
113,5 |
1785 |
▲1798 |
100,7
|
Тарихы
Іргесі 1905 жылы қаланды. Бадам, Қажымұқан атындағы кеңшарлардың бөлімшесі, мал тұқымын асылдандыру стансасы болған. 1978 жылдан Бүкілодақтық Лениндік комсомол жастар одағының 60 жылдығы атындағы шошқа өсіретін кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде шаруа қожалықтары құрылған.
Инфрақұрылымы
Ауылда Шұбар, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер жұмыс істейді.
Дереккөздер