Қошмұхамбет Дүйсебайұлы Кемеңгеров

Қошмұхамбет Дүйсебайұлы Кемеңгеров
Туған күні

15 шілде 1896 (1896-07-15)

Туған жері

Қаржас ауылы, Беке болысы, Омбы уезі, Ақмола облысы

Қайтыс болған күні

21 қараша 1937 (1937-11-21) (41 жас)

Қайтыс болған жері

Омбы

Азаматтығы

Ресей империясы
КСРО
 Қазақ КСР

Ұлты

қазақ

Қызметі

драматург, жазушы, журналист, ғалым, қоғам қайраткер

Әкесі

Дүйсебай

Анасы

Жәмила

Жұбайы

1-әйелі: Зура Мұхамеджанқызы
2-әйелі: Гүлсім Жәмиқызы

Балалары

Гүлсімнен:
Зайра, Нарманбет, Сәуле

Қошмұхамбет Дүйсебайұлы Кемеңгеров (15 шілде 1896, бұрынғы Ақмола облысы, Омбы уезі, Беке болысы, Қаржас ауылы – 21 қараша 1937, Омбы) – алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист.

Білім мен білікке ұмтылған Қошке Кемеңгерұлының тағдыр-талайы зиялыларымыздың жарқын ғұмырымен қат-қабат байланысып жатыр.Ол 1915 жылдан бастап 1930 жылға дейін үзіліссіз ұлт әдебиетіне, драматургиясына, журналистикасына, ғылымына айрықша үлес қосты. Осы уақыт аралығында Қошке өз қатарластарымен бірге отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске қатысты. Оның сан салалы ізденіске толы ұлтты дамыту жолындағы қызметін 30-жылдары басталған Кеңес өкіметінің репрессия науқаны үзді.

Өмірбаяны

Қошке Кемеңгерұлы 1896 жылы 15 шілдеде сол кездегі территориялық бөлініс бойынша Ақмола облысы, Омбы уезінің Қаржас ауылында дүниеге келді. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан[1]. Ата-бабасы мұнда Баянауылдың Сарытауынан қоныс аударған болатын. Деректерге қарағанда, Шорман би “Омбыға барғанда тамақ ішетін, намаз оқитын жерім жоқ” деп, баласы Мұса оқыған кадет корпусы көрінетін Ертістің сол жақ бетінен 250 сомға жер сатып алып, сол жерге 1849 жылы сенімді ағайыны Атанұлы Кемеңгерге, өзіне арнайы үй салдырып, қызметшілері үшін тұрғын жай, малы үшін қора-қопсы тұрғызады. Кемеңгер Дүйсенбай, Дүйсебай есімді екі ұл сүйген. Дүйсебайдан тарайтын Қошмұхамбет есейе келе қалам ұстағанда, жазғандарына “Қошке Кемеңгерұлы” деп қол қояды.

Арғын тайпасы Сүйіндік руының Қаржас атасынан шыққан.[2]

Діндар Дүйсебай ерте жастан хақ жолына түсіп, бойдақ күнінде-ақ Меккеге барып келіп, қажы атанады. Осы қасиетті Меккеге барарда ол Атығайдың беделді мырзасы Қартабаймен сапарлас болады. Жас Дүйсебайды Қартабай қатты ұнатып, елге келгенде оған Жәмила есімді қызын өз қолымен ұзатады. Сонымен болашақ қаламгер көзі ашық, ауқатты, берекелі отбасында туып, жан-жақты тәрбие алды.

Білімі

Қисықтағы Қаржаста Белгібай молдадан оқыған Қошкені әкесі Омбы приход школына береді (Бұл кезде мұсылманша оқу орны – мектеп, медресе, орысша оқу орны – школа, училище аталған). Алғаш христиан дініне тарту үшін ашылған приход школдары мұсылмандардың ниетін аңғарғаннан кейін олардың балаларын “Божий Закон” сабағынан босатқан-ды. Жас Қошке осы школдан орыс тілін, басқа да пәндердің негіздерін үйреніп шығады.

Мұнан кейін Қошке Омбының ветеринарлық-фельдшерлік школына түседі. Арнаулы оқу орны болғандықтан мұнда ол зоотехника, медицина негіздері бойынша сабақ алады. 1913 жылы аталған школдың 2-класын бітіргенде, Омбы ауылшаруашылық училищесіне түсуге аңсары ауады. Осы жылы аталған білім ордасына Қошкемен бірге Ахмет Әбдірахымұлы, Смағұл Қазыбекұлы, Мұхтар Саматұлы сынды шәкірттер де түседі. Бұлардан бір жыл бұрын училищеге Сүлембек Байжанұлы, Бірмұхамед Айбасұлы, Асфандияр Шорманұлы секілді қазақ балалары қабылданған екен. 1916 жылы бұл оқуға Смағұл Садуақасұлы түседі.

1920 жылы 7 желтоқсанда Қазақстанның Сібір ревкомындағы өкілеттігі Сібір ауылшаруашылық және өндіріс институтының басшылығына Қ.Кемеңгерұлы мен М.Сейітұлын ветеринария факультетінің медицина бөліміне курстан тыс қабылдауын өтініп, арнайы хат жолдайды. Қошке осында оқып жүргенде аталған институт аты “Батыс Сібір мемлекеттік медицина институты” болып өзгереді. Бұл уақыттағы мекені туралы қаламгер: “Әке-шешем Омбы уезі, Теке болысы, Қисық жайлауындағы №9 ауылда тұрады. Менің қазіргі мекен-жайым: Омбы қаласы,2-линия, 68-үй”,—деп жазады.

Қ.Кемеңгерұлы ІІІ курсты тәмамдағаннан кейін 1924 жылдың 21 тамызында Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина факультетіне ауысуға өтініш береді. Сол жылы ол Түркістан Республикасының орталығы Ташкентке кетеді. Мұрағатта мынандай мазмұнда жеделхат тіркелген: “Ташкент. “Ақ жол” газеті редакциясына. Қ.Кемеңгерұлына. Ол ІV курстың дәрісін түгел тыңдады. Омбы. Омбы көшесі, 26-үй. Соколова”. Бұл деректен Қошкенің Ташкентте “Ақ жол” төңірегіне тұрақтағаны байқалады.

1917-1918 жылдардағы саяси оқиғалар тұсында Қошке сергелдеңге түскен халық пен оқығандардың ішінде жүрді. Бұл кезде заман қатал, саясат құбылмалы еді. Осыған қарамай Алаш зиялылары сеңдей соғылысқан жұрттың арасынан бөлінбей, мәмілегерлік жолын іздеді. 1917 жылы сәуірде Қошмұхамбет Кемеңгерұлы Дінше Әділұлын ертіп, Ақмола облыстық қазақ комитеті атынан (Омбыдан) Ақмола қаласына келіп, уездік қазақ комитетін ашады. Оның төрағасы болып Сәкен Сейфоллаұлы тағайындалады. Қазақ комитетін құрушылар Ақмола шаһарында бірде медреседе, бірде қала басқармасының үйінде жиналып, аласапыран заманның қиындығынан халықты қалай аман сақтап қалу жолын ақылдасады.

Қошке Ақмолада Сәкен ұйытқы болған “Жас қазақ” ұйымының жұмысына да қатысады. Бірақ облыстық қазақ комитеті мен уездік қазақ комитеті арасындағы кейбір маңызды мәселелер бойынша туған келіспеушіліктен соң және “Жас қазақ” басшылары Алаш Ордадан бойын аулақ салғаннан кейін 1917 жылы тамызда Қошке Омбыға қайтады. Сол жылы күз, қыс айларында Қ.Кемеңгерұлы Ақмола облыстық Алаш партиясы комитетін ашуға күш-жігер жұмсайды. Сөйтіп, өзі сол комитеттің мүшесі болады. Желтоқсанның 5-13 арасында Орынборда әйгілі Алаш Орда үкіметін жариялайтын ІІ жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысады. Жас тұрғысынан жиырмадан енді асқан ол күрестен де, ізденістен де шет қалмады.

1915-1916 жылдары Омбыдағы қазақ жастары сол жағалаудағы Қаржаста жасырын жиналатын болса, 17-жылғы өзгерістен соң қала ішінде ашық мәжіліс құрды. Алғашқы бас қосулардың нәтижесі – 1918-1919 жылдары Алаш Ордаға қалтқысыз жәрдем берген, ел бірлігі мәселесінде біршама тиянақты жұмыс жасаған “Жас азамат” ұйымы мен газеті еді. Қошке осы ұйымның алқасына кірді, оның Қызылжар қаласында шығып тұрған үні – “Жас азамат” газетіне редактор болды. “Қазақ”, “Сарыарқа”, “Абай” сынды ұлттық басылымдардың ізбасары іспеттес “Жас азамат” бетінде алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған мақалалар нөмір құрғатпай шығып тұрды. Бұл газет большевиктердің имансыз әрекеттерін елге жария қылды. Сондай-ақ қиын кезде жастарды ауызбірлікке шақырды. 1919 жылы Қошке Омбы политехника институтына оқуға түседі. Мұнда ол бірінші курсты ғана оқиды. 1920 жылы Ақмола облысына (орталығы – Омбы) қарайтын Петропавл (Қызылжар) уезіне мұғалімдікке шақырылады. Мұнда ол жаңадан құрылған, аты заманына сай “Қызыл мұғалімдер курсында” оқытушы ретінде дәріс оқи бастайды. Бұл шақта мұнда Мағжан да сабақ беретін. Осы оқуды тәмамдаған, кейін Омбыдағы қазақ педучилищесінің директоры болған Жүнісбек Жанғонақов естелігінде: “Курста 200 мұғалім оқыды. Қошмұхамбет жаратылыс пәнінен сабақ берді. Ол кісі әдебиет мәселесімен де шұғылданып жүретін еді. Қайсы уақытта өзінің жазған әңгіме, пьесаларын қолжазбасынан оқитын”, — деп жазады.

Пьесалары

Қызылжар қаласында Қошкенің драматургтік қабілеті де ұштала түсті. Осыған дейін “Әулие тәуіп” секілді пьесасын сахналатып үлгерген Қ.Кемеңгерұлы енді бұл саладағы шығармаларының тақырыбын кеңейтті. Оның қаламынан 1919-1920 жылы “Қасқырлар мен қойлар”, “Бостандық жемісі” атты қос пьеса дүниеге келді. Бұл екеуі де Қызылжардағы қалалық бақтың сахнасында қойылды. Ж.Жанғонақов 1916 жыл оқиғасы туралы “Қасқырлар мен қойлар” пьесасында өзі – урядник рөлін, ал кейін жазушы болған Сәбит Мұқанов – болыстың шабарманы рөлін ойнағанын айтады.

Отбасы

1923 жылдың көктемінде Қ.Кемеңгерұлының жеке өмірінде үлкен оқиға болады: ол профессор Зарницынның жетекшілігімен Қызылжар жерінде халыққа ем-дом көрсетіп жүргенде Мұхамеджанқызы Зурамен көңіл қосып, шаңырақ көтереді. Бұл кезде Қошке студент-практикант еді. Тағдырдың жазғанына не шара, 1924 жылы наурызда Зура бала үстінде дүниеден озады. Осынау трагедия Қошкені есеңгіретіп тастайды. 1925 жылы Қ.Кемеңгерұлы Гүлсім Жәмиқызына үйленеді. Гүлсімнен ол Зайра (1926-2011), Нарманбет (1927-2008), Сәуле (1928-1993) есімді үш перзент сүйеді. Олардан тараған ұрпақ бүгінде Ресейдің Омбы және Алматы, Көкшетау, Астана, Қарағанды облыстарында мекен етеді.

Қ.Кемеңгерұлы Ташкентте

Ол мұнда ұлтқа қызмет ету үшін көшті. 20-жылдары зиялылардың көбі негізінен Ташкентке орнықты. Мұндағы саясат райы салыстырмалы түрде Орынбордан тәуір еді. Түркістанда өкімет басындағылардың ескі оқығандарға ықыласы бөлек болды. Х.Досмұхамедұлы 1922 жылы құрған “Талап” қауымына елшіл азаматтар топтасқан еді. Бұл шақта мұнда Алаш арыстары баспасөз, оқу-ағарту салаларында қызмет жасайтын. Қ.Кемеңгерұлы бір кездері қайраткер Т.Рысқұлұлы көтерген Түркістан конфедерациясы идеясына сенді.

Ташкентке табан тіреген Қошке мұнда 1921-22 жылдардан орныға бастаған Алаш зиялыларымен тығыз қарым-қатынас жасай бастады. Бұл кезде Ахмет пен Міржақып – Орынборда, ал Әлихан Бөкейхан Мәскеудегі “Күншығыс” баспасының қазақ секциясында қызметте еді. Ташкентте Қошке сондай-ақ Халел Досмұхамедұлы, Мұхтар Әуез, Мағжан Жұмабай, Жүсіпбек Аймауытұлы, Абдолла Байтасұлы, Даниял Ысқақұлы сынды арыстармен араласып тұрды. Қошкенің Түркістанға ат басын бұрған кезі әйгілі “Алқа” бағдарламасының оқығандар ортасында кеңінен талқыланған шағына тұспа-тұс келді. Бағдарламадағы мына жолдар Қошке мұратымен үндесіп жатты: “Жаңа әдебиеттің тартылса ағұзысы ғана тартылды, біссімілдәсі әлі басталған жоқ. Өміріміздің күнді һәм күңгірт дәуірлері болған һәм бар. Қазақтың өзінің жаратылысқа, өмірге, тұрмысқа көзқарасы, өзінше философиясы, терең сезімі болған һәм бар. Осылардың бірі туралы әлі айтарлық қалам тартылған жоқ. ...Осылар түспей, әдебиет өз әдебиетіміз бола алмақ емес”.

Сәл кейінірек, 1926 жылы “Көркем әдебиет туралы” атты мақаласында осы ойды Қошке таратыңқырап, жүйелеп айтқаны мәлім. Оның көркемөнер табиғаты мен заңдылығы туралы пікірі әлі де көкейкесті.

Ғұмырының Ташкент кезеңі Қ.Кемеңгерұлы шығармашылығының тынысын кеңейтті. Ол Омбыда бастаған “Қазақ тарихынан” зерттеуін аяқтап, Мәскеудегі “Күншығыс” баспасына тапсырды. Аталған баспадан сонымен бірге 1925 жылы қаламгердің “Бұрынғы езілген ұлттар” атты ғылыми еңбегі мен “Қазақша-орысша тілмашы” жарық көрді. Сөздікті түзуге Қ.Кемеңгерұлының жетекшілігімен Байғасқаұлы, Баймақанұлы, Дәулетбекұлы, Темірбекұлы, Сәрсенбайұлы қатынасқан. Қошке осы Ташкентте жүріп 2 кітаптан тұратын қазақ тілінен “Жабыропалықтар үшін оқу құралын” жазды. Оның біріншісі 1928 жылы Ташкентте, екіншісі 1929 жылы Қызылордада басылды.

1918-1919 жылы С.Садуақасұлы: “Жас талап Кемеңгерұлының прозасы келешегінен үміт күттіреді” деп жазғанындай-ақ, Қошке қаламынан оның өмірінің Ташкент жылдарында “Отаршылдық ұсқындары,” “Қанды толқын”, “Момынтай”, “Ерлік жүректе”, “Қазақ әйелдері”, “Жетім қыз”, “Дүрия”, “Назиха” тәрізді тумысы ерекше әңгімелер туды. Суреткер Қ.Кемеңгерұлы әріптесі Мұхтар Әуез, Жүсіпбек Аймауытұлы секілді прозада ұлттық нақышты сақтай отырып, көркем бейнелеудің биігіне ұмтылды. 1925 жылы Қазақстан астанасы Ақмешітке көшті де, шойын жолдың бойындағы бұл қазақы елді мекен Қызылорда деген жаңа атау алды. Осында 1926 жылы 13 қаңтарда мемлекеттік ұлт театры Қ.Кемеңгерұлының “Алтын сақина” пьесасымен тұңғыш шымылдығын ашты. Осы қойылым драматургке игі әсер етіп, 1926 жылы “Парашылдар”, 1927 жылы “Ескі оқу”, 1930 жылы “Күнәсіз күйгендер” атты пьесалар жазып, көрерменге ұсынды. Талантты сыншы С.Садуақасұлы Қошкенің драматургиясын: “Жеке адамның ішкі сыры бұған анағұрлым танысырақ”,- деп бағалады.

Қошке Кемеңгерұлы Ташкентте шебер журналист ретінде де қабілет-қарымын аңғартты. Ол Омбыдан келісімен “Ақ жол” газетінде қызмет істеді, сондай-ақ ғылыми-танымдық “Сана” журналының бірер санына редакторлық етті. “Ақ жол” тілшілерінің 1925 жылы өткен тұңғыш жиынын ұйымдастыруға атсалысты. Әлеумет, шаруашылық, ғылым-білім хақында алуан-алуан мақала жазды. Әдебиет жөніндегі айтыста сындарлы пікір білдірді. Күйбең журналистік, ағартушылық тіршіліктен қолы босағанда замандастары туралы жазбақ болған романына материал жинады. ҰҚК архивінен табылып отырған, 1925 жылы 16 наурызда Д.Әділұлына жазған хатында ол: “Сен өміріңде талай тарихты бастан кешірген жансың ғой. Менің ептеп қаламды ермек ететінімді білесің. Өмір жолыңмен танысқым келеді. Кішкене уақытыңды бөл. Есеп беру кезеңі туды. Мен қазақ зиялылары жөнінде роман жазуға отырдым” дейді.

Ташкентте Қошке мен Гүлсімнің (Омбы зиялысының қызы) Зәйра, Нарманбет, Сәуле есімді үш перзенті дүниеге келді.

Ұстаздық еңбегі

Саяси сапырылыстарға толы 20-жылдардағы Ташкент тарихында Қошмұхамбет Кемеңгерұлы тек қаламгер ретінде ғана емес, ағартушы-педагог ретінде де қалды. Ол 1926 жылы Орта Азия университеті мен Түркістан әскери училищесінде дәріс оқығанын айтады. Қайраткер сондай-ақ САГУ-дың рабфагында, даярлық бөлімінде, шығыстану факультетінде, кеңестік шаруашылық пен құқық факультетінде, педагогика факультетінде қазақ тілінен дәріс оқыған.

Университетте екі жыл қызмет жасағаннан кейін Қ.Кемеңгерұлы шындап ғылым жолына ден қойғысы келді. Бұл орайда ол түріктануды таңдады. 1928 жылы 23 қазанда Қошке Шығыстану факультетінің түріктану кафедрасына аспирант болып қабылданды. Аталған факультеттің аспирантурасында Қ.Кемеңгерұлымен қатар Мұхтар Әуез де оқыған. Бұл екі дарынды азаматқа А.Шмидт, М.Гаврилов, А.Дубсон сынды ғалымдар тәлімгерлік жасады. Нағыз ғылым ашық, жүйелі пікірсайыстан соң барып қана туады. Қошке тіл маманы ретінде Юдахин, Поливанов, Шмидт тәрізді тәлімгерлерімен қазақ тілінің күрделі мәселелері жөнінде айтысып қалып отырған. Мысалы, 1929 жылы мамыр айында болған орфографияға арналған конференцияда жаңа орфография мен термин жасау принциптері жөнінде Е.Омаров, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы орнықты пікір білдіріп, бұра тартқан еуропалық ғалымдармен айтысқан. Бұл бесіктен белі шыққан, буыны бекіп келе жатқан тіл ғылымының еуроцентристік көзқараспен текетіресуінің көрінісі еді.

Қошке осы Ташкентте жүріп, қазақ тілі білімінің проблемалары жөнінде бірқатар зерттеу жазды. САГУ-де оқыған Даниял Ысқақұлының айтуынша: “1927 жылы Ташкенттегі Казпедвузға С.Садуақасұлы директор болып келгенде, осы оқу орнына Қошкені оқытушы етіп алған”.

Қ.Кемеңгерұлының ғылыми еңбегінің қатарына 1927 жылы Г.Архангельскийдің құрастыруымен орыс тілінде жарық көрген “Қазақ тілінің грамматикасы” да кіреді. Қошкенің редакциялауымен шыққан осы зерттеудің алғы сөзінде құрастырушы: “Настоящий труд представляет записки лекций по казахскому языку, читанные тов. Кеменгеровым – преподавателем казахского языка на б.Туркестанских Курсах Востоковедения РККА в 1924-1925 жж.”, деп жазып, ұстазына үлкен алғысын білдіреді. Ал, баспагер тарапынан жазылған сөзде А.Байтұрсынұлының бұл еңбекті жоғары бағалағаны айтылады.

Қошке Кемеңгерұлы 24-30-жылдары тек бір Ташкентпен ғана тоқырап қалмады. Орынбор, Қызылорда, Семей, Шымкент қалаларына түрлі іссапармен барып, қаламгерлермен байланыс жасап тұрды.

1929 жылы жазда қаламгер Қызылтау, Сарытаудың топырағын соңғы рет басқан екен.

Қуғын-сүргін

1930 жылы 13 қазанда Қ.Кемеңгерұлы “Кеңес өкіметіне қарсы әрекет жасаушы” деген жалған айыппен Ташкентте ұсталып, абақтыға жабылады. Осы кездегі көңіл күйін, шеккен мехнатын ол “Қамалдым өткелі жоқ терең жарға, Әділдік таба алмадым амал бар ма?” деп сипаттаса, немере ағасы Нұрмағамбетке жазған бір хатында “Құс – ауға, балық торға кездесті ғой, Тағдырдың жазуына жоқ қой шара” дейді. Осы 30-жылдың қазан айының соңында Қошке Ташкенттен Алматы абақтысына айдалды. Ол Алматы түрмесінде 1932 жылдың сәуір айының соңына дейін отырады. 20 сәуірде үштіктің шешімімен 58-баптың 10,11-тармағы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылып, Украинаның Валуйки қаласына жер аударылады. Қаламгер мұндағы темір жол жүйесінде дәрігер болды. Дәл осы жол құрылысында 1932-1933 жылдары С.Садуақасұлы инженер болып қызмет жасаған еді. Сондай-ақ Валуйки, Воронеж бағытында Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Ж.Ақбайұлы, Е.Омарұлы, С.Қадырбайұлы, К.Тоқтыбайұлы, М.Тынышбай, Ж.Күдеріұлы, М.Мырзаұлы сынды азаматтар жер аударылған еді.

1935 жылы Қошке Кемеңгерұлы Валуйкиде мерзімін толық аяқтады. Заң бойынша енді ол елге қайтуға ерікті еді. Бірақ айлалы НКВД саяси тұтқындарды елден жырақ ұстауды қалады. Сол себепті Қ.Кемеңгерұлына толық ерік бермей, Омбының Шарбақкөліне қоныстануға рұқсат етті. Ол аудандық денсаулық сақтау бөліміндегі қарапайым қызметті таңдады.

Зәйра Қошкеқызының естелігіне қарағанда, әкесі 1937 жылдың ортасында сонау Ташкенттен бастап жазған замандастары туралы романды аяқтаған, енді соны Алматы баспаларына жеткізудің жолын қарастырған. Сол кітап кейін қолжазба күйінде НКВД қармағына түскен.

1937 жылдың қара құйыны Шарбақкөлдегі дәрігер Қошкені қиналмай-ақ тапты. Қайраткерді ату туралы үкім 17 қарашада бекітіліп, 21 қарашада Омбыда орындалды. Қошкенің бақи дүниеге көшкенін туған-туыстары білмеді - тек бір Алла ғана білді. Қошке әділет, азаттық жолында шейіт болды.

1957 жылы 17 тамызда Сібір әскери округінің трибуналы әкесін ресми түрде ақтағанда, Зәйра, Нарманбет, Сәуле тоталитаризмнің жөн-жосығын білетін саналы азаматтар еді. Қазір олардан тараған ұрпақ ата аманатына адал, өскен-өнген.

Қошке Кемеңгерұлы. 3 томдық шығармалары ("Алаш мұрасы" сериясы)

1995 жылдан бері Қошкенің мұрасы бірнеше дүркін кітап болып шықты. 2004-2006 жылы “Алаш” баспасы қайраткердің үш томдық шығармалар жинағын жариялады. Қошкетану ғылымы да қалыптасып, салаланып келеді.

Дереккөздер

  1. Серік Имантайұлы Жақсыбаев Қаржас ұрпақтары — Павлодар: ЭКО, 2008. — 400 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-08-265-0.
  2. http://www.enu.kz/downloads/materials/sb-3.pdf Мұрағатталған 31 наурыздың 2020 жылы.

Read other articles:

For other uses, see Claustrophobia (disambiguation). Fear of small spaces Medical conditionClaustrophobiaBeing trapped in a confined space can develop a case of claustrophobia.SpecialtyPsychiatry Claustrophobia is a fear of confined spaces. It is triggered by many situations or stimuli, including elevators, especially when crowded to capacity, windowless rooms, and hotel rooms with closed doors and sealed windows. Even bedrooms with a lock on the outside, small cars, and tight-necked clothing...

 

Pilar Lucio Pilar Lucio en 2012 Consejera de Igualdad y Empleo de la Junta de Extremadura 2 de julio de 2007-9 de julio de 2011Presidente Guillermo Fernández VaraPredecesor Manuel Amigo Mateos(Economía y Trabajo) Leonor Flores Rabazo(Bienestar Social)Sucesor Cristina Teniente Sánchez(Empleo, Empresa e Innovación) Jerónima Sayagués Prieto(Salud y Política Social) Diputada en las Cortes Generalespor Cáceres 13 de diciembre de 2011-5 de marzo de 2019 Información personalNacimiento 11 de...

 

Een rode vlag wordt gezwaaid om te laten zien dat de race ongepland wordt gestopt, wat meestal gebeurt uit veiligheidsredenen. Dit is een Lijst van geschorste Formule 1 Grand Prix-wedstrijden. Het schorsen van een race wordt gedaan door het zwaaien van een rode vlag. Dit wordt gedaan wanneer er een ongeluk is gebeurd en/of de condities op de baan dusdanig dat het te gevaarlijk is geworden om verder te racen. De vlaggen worden toonbaar gemaakt door baancommissarissen. Ook wordt er sinds 2007 m...

Estonian ice hockey player Ice hockey player Dmitri Suur Born (1975-02-25) February 25, 1975 (age 48)Tallinn, Estonian SSR, Soviet UnionHeight 6 ft 2 in (188 cm)Weight 211 lb (96 kg; 15 st 1 lb)Position DefenceShot RightEkstraliga teamFormer teams KH SanokHK Ardo NitraAdirondack FrostbiteHC Karlovy VaryHC Slovan BratislavaDetroit VipersFlint GeneralsWinston-Salem IceHawksPārdaugava RīgaNational team  EstoniaPlaying career 1990–2013 Dmitri S...

 

Family Court of Western AustraliaBuilding of the Family Court of Western Australia31°57′32″S 115°51′51″E / 31.9589°S 115.8643°E / -31.9589; 115.8643Established1975Jurisdiction Western AustraliaLocationFull time sittings are held in Perth, and a few sittings are held in Albany, Broome, Bunbury, Geraldton and KalgoorlieCoordinates31°57′32″S 115°51′51″E / 31.9589°S 115.8643°E / -31.9589; 115.8643Composition methodGovern...

 

Artikel ini sebatang kara, artinya tidak ada artikel lain yang memiliki pranala balik ke halaman ini.Bantulah menambah pranala ke artikel ini dari artikel yang berhubungan atau coba peralatan pencari pranala.Tag ini diberikan pada Februari 2023. Kotak saran di bandara. Kotak saran adalah suatu fasilitas yang digunakan untuk mengumpulkan keluhan, kritik, atau saran yang ditulis di secarik kertas oleh pelanggan, anggota suatu lembaga, atau masyarakat umum.[1] Sejarah Drop Your Ideas in ...

Supernatural Role Playing GameCover of core bookDesignersJamie ChambersPublishersMargaret Weis Productions, LtdPublication2009GenressupernaturalhorrorSystemsCortex System The Supernatural Role Playing Game is a role-playing game by Margaret Weis Productions that was released in 2009. It is based on the television series Supernatural and was the final game to use the Cortex System. The Game Like most role-playing games, Supernatural requires several players; one person to be the Game Master an...

 

Division of the Greco-Roman world into eastern Greek and western Latin parts This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Greek East and Latin West – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (June 2022) (Learn how and when to remove this template message) Greek East and Latin West are terms used to dis...

 

Basketball cardOne of the first basketball cards issued in 1910 by Murad Cigarettes, featuring Xavier CollegeCompanyPaniniCountryUnited StatesAvailability1910–presentFeaturesBasketball A basketball card is a type of trading card relating to basketball, usually printed on cardboard, silk, or plastic.[1] These cards feature one or more players of the National Basketball Association, National Collegiate Athletic Association, Olympic basketball, Women's National Basketball Association, ...

American actress and singer (born 1997) Bella ThorneThorne in 2021BornAnnabella Avery Thorne (1997-10-08) October 8, 1997 (age 26)[1]Pembroke Pines, Florida, U.S.Occupations Actress singer writer Years active2003–presentMusical careerGenres Pop hip hop pop-rap teen pop Instrument(s)VocalsLabels Walt Disney Hollywood Epic Filthy Fangs Websitebellathorneofficial.com Musical artist Annabella Avery Thorne (born October 8, 1997) is an American actress, singer, and writer. She f...

 

この記事は検証可能な参考文献や出典が全く示されていないか、不十分です。出典を追加して記事の信頼性向上にご協力ください。(このテンプレートの使い方)出典検索?: コトラ 企業 – ニュース · 書籍 · スカラー · CiNii · J-STAGE · NDL · dlib.jp · ジャパンサーチ · TWL(2021年3月) 株式会社コトラKOTORA Co., Ltd 種類 株式会社...

 

Keroncong TenggaraAlbum studio karya UbietDirilis13 Januari 2007Direkam2007GenreJazz, KeroncongLabelRagadi MusicKronologi Ubiet Ubiet Sings Tony Prabowo (2006)Ubiet Sings Tony Prabowo2006 Kroncong Tenggara (2007) -String Module Error: Match not foundString Module Error: Match not found Kroncong Tenggara merupakan sebuah album musik karya Ubiet. Dirilis pada tahun 2007. Di album ini Ubiet memadukan unsur jazz dan keroncong. Di album ini Ubiet dibantu Dian HP dan Riza Arshad. Daftar lagu Kr...

نِفْطَة في الأعلى: بوابة في مدينة نفطة، الصورة في الأسفل: لوحة نقش على الصلب اللقب الكُوْفَةُ الصُّغْرَى الإحداثيات 33°52′20″N 7°52′54″E / 33.872164°N 7.88163°E / 33.872164; 7.88163  تقسيم إداري  البلد تونس[1]  التقسيم الأعلى ولاية توزر  خصائص جغرافية ارتفاع 55 متر  ع...

 

1998 Spanish filmBarrioTheatrical release posterDirected byFernando León de AranoaWritten byFernando León de AranoaProduced byElías QuerejetaStarring Críspulo Cabezas Timy Benito Eloi Yebra Marieta Orozco Alicia Sánchez Enrique Villén Francisco Algora Chete Lera Edited byNacho Ruiz CapillasProductioncompanies Elías Querejeta P.C. Mact Productions Sogetel MGN Filmes Distributed byWarner SogefilmsRelease date 8 October 1998 (1998-10-08) Running time105 minutesCountrySpainL...

 

UPC RomaniaTypeSubsidiaryIndustryTelecommunicationsFounded1999DefunctMarch 31 2020FateAcquired by Vodafone Romania on 31st of July 2019; rebranded as VodafoneSuccessorVodafone RomaniaHeadquartersBucharest, RomaniaKey peopleRobert Redeleanu, CEOProductsCable televisionBroadband InternetTelephonyRevenue$173.3 millionOwnerVodafone Group plcNumber of employees1100 (2019)ParentVodafone RomaniaWebsitewww.vodafone.ro UPC Romania was a telecommunications company in Romania, which provided cable telev...

Artikel ini membutuhkan rujukan tambahan agar kualitasnya dapat dipastikan. Mohon bantu kami mengembangkan artikel ini dengan cara menambahkan rujukan ke sumber tepercaya. Pernyataan tak bersumber bisa saja dipertentangkan dan dihapus.Cari sumber: CyberLink – berita · surat kabar · buku · cendekiawan · JSTOR (October 2019)CyberLink Corp.訊連科技股份有限公司JenisPublikKode emiten5203IndustriSoftware KomputerDidirikan1996; 26 tahun lalu (1...

 

Canadian wireless carrier Public Mobile Inc.TypeSubsidiaryIndustryMobile virtual network operatorFoundedMarch 18, 2010HeadquartersToronto, Ontario, CanadaProductsMobile telephonyServicesHSPA, LTE, mobile broadband, SMS, telephonyParentTelusWebsitewww.publicmobile.ca Public Mobile Inc. is a Canadian self-serve mobile brand which is owned by Telus.[1] Launched on March 18, 2010, Public Mobile was one of several new Canadian cellphone providers that started in 2009–10 after a federal g...

 

Ukrainian politician, singer and songwriter (born 1987) In this name that follows Eastern Slavic naming conventions, the patronymic is Kostyantynivna and the family name is Prikhodko. Anastasia PrikhodkoPrikhodko in 2016Personal detailsBornAnastasia Kostyantynivna Prikhodko (1987-04-21) 21 April 1987 (age 36)Kyiv, Ukrainian SSR, USSRPolitical partyFatherlandChildren2Alma materKyiv National University of Culture and ArtsOccupationSingersongwriteractivistpoliticianMusical careerAlso kn...

The Right ReverendIgnatius ConradOSBAbbotNative nameNicholas ConradElectedMarch 24, 1892OrdersOrdinationSeptember 17, 1871by Bishop Kaspar WilliRankAbbotPersonal detailsBorn(1846-11-13)November 13, 1846Au, SwitzerlandDiedMarch 13, 1926(1926-03-13) (aged 79)Baldegg, SwitzerlandBuriedEinsiedeln AbbeyNationalitySwissDenominationRoman CatholicParentsJohann Conrad and Gertrude KűngOccupationAbbotProfessionBenedictine monk Ignatius Conrad OSB (November 13, 1846 Au, Switzerland – March ...

 

This biography of a living person needs additional citations for verification. Please help by adding reliable sources. Contentious material about living persons that is unsourced or poorly sourced must be removed immediately from the article and its talk page, especially if potentially libelous.Find sources: Valerio Mieli – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (February 2019) (Learn how and when to remove this template message) Valerio MieliVale...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!