Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

Қасық

Қасық
Қасықтар

Қасық — ас-тағам ішуге арналған құрал.

Оның көлемі мен пайдаланатын мақсатына қарай ас қасық және шәй қасық деп бөлінеді. Ас қасық ағаштан, металдан, шәй қасық тек металдан (қалайы, күміс, алтын ) жасалады. Сыртқы түрі ожауға ұқсас, көлемі кіші, әдемі, ыңғайлы етіп ойылып жасалады. Сұйық әрі ыстық ас ішуге арналған.
Ағаштан жасалған қасықтар ағаш қасық деп аталады. Үлкен адамдарға және балаларға арналған үлкенді кіші түрлері де болады. Өте кішкентай түрлерін май қасық деп атайды. Қасықтар боялып немесе түрлі-түсті ашық бояулармен әрленеді.[1][2]

Дереккөздер

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  2. "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999
Prefix: a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Portal di Ensiklopedia Dunia

Kembali kehalaman sebelumnya