Қайдақ — Каспий теңізіндегі шығанақ, бұрынғы сор. Қайдақтың оңтүстігімен Шетпе – Сайөтеш тай жотасы өтеді.
Каспий теңізінің шығыс жағалауында, Бозащы түбегі мен Үстірт (қ. Батыс Үстірт кемері) аралығындағы сор. Өлі Қолтық шығанағының оңтүстігінде. Оңтүстігін жағалай сазды-батпақты Қаракешу соры орналасқан.
1978 жылдан бастап Каспий теңізі суының көтерілуіне байланысты (2 м-ден 2,7 м-ге дейін) қазір Қайдақ сорының басым бөлігін су басқан.
Ұзындығы 135 км, ені 20 км. Сор табаны Каспий теңізі деңгейінен –28–34 м төмен жатыр. Бозащы түбегіне қараған батыс бөлігі жайпақ келген.