Ясунари Кавабата (жапон. 川端 康成, Кавабата Ясунари, 1899-1972) – жапон жазушысы, Нобель сыйлығының иегері. 1899 жылы Осакаға (Жапония) жақын Акутагава ауылында туылған. Оның шығармалары ұлттық дәстүрге негізделген, сондай-ақ заманауи әдебиеттің әдістерін еркін қолдана білген. 1972 жылы Дзусидегі өзінің үйінде газдың иісінен уланып қайтыс болған. Повестері: «Қарлы ел» (1947), «Мың қанатты тырна» (1951), «Идзулік биші» (1926), «Элегия» (1932), «Ескі астана» (1962). Романдары: «Таулар дауысы» (1953), «Көне Астана» (1961) және т.б.[1]