Басқа мағыналар үшін Целинное деген бетті қараңыз.
Целинное — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Дружба ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 68 км-дей жерде, Есіл өзенінің сол жақ аңғарында орналасқан.
Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 991 адам (492 ер адам және 499 әйел адам) болса, 2009 жылы 840 адамды (413 ер адам және 427 әйел адам) құрады.[1]
Тарихы
Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланған астық өсірумен айналысатын кеңшар бөлімшесінің орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1996 жылы өзімен аттас ұжымдық кәсіпорын құрылды.[2]
Дереккөздер