Тақты — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Салқынкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны
Аудан орталығы — Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 81 км жерде, Аққанбұрлық өзенінің сол жағасында орналасқан.
Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 221 адам (115 ер адам және 106 әйел адам) болса, 2009 жылы 128 адамды (64 ер адам және 64 әйел адам) құрады.[1]
Дереккөздер