Нұрмұхамедов Хасен 1900 жылы қазіргі Ақмола облысы Есіл ауданында туған. «Алаш» партиясының мүшесі болған. Атбасарда мұғалімдер курсында, Омбыда партия-кеңес қызметкерлерін даярлайтын курста оқыды. 1926 жылы Орынбор жұмысшы факультетін, 1930 жылы Мәскеуде К.А. Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясын бітірген. 1919-1920 жылдары Атбасар уезінде мұғалім, 1920-1921 жылдары уездік партия комитетінің қазақтар секциясын басқарды, Азамат соғысына қатысты. 1922-1923 жылдары « Еңбекші қазақ» газеті редакциясының алқа мүшесі, әрі « Қызыл Қазақстан» журналының редакторы. 1923-1928 жылдары Қазақ АКСР-і егін шаруашылық халық комиссариатында, Семей және Ақмола губернияларында лауазымды кызметтер атқарды, 1930-1932 жылдары Мәскеудегі ұжымшар ғылыми-зертпу институтының директоры, 1933-1937 жылдары Қазақ АКСР-і Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы төрағасының орынбасары, Бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылымдары академиясының Қазақ бөлімі төралқасының төрағасы, Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау халық комиссары қызметтерін атқарды. 1937 жылы қазанда тұтқындалып, ату жазасына кесілген.[1]
Хронология
- 1919 – 20 жылдары Атбасар уиверситетінде мұғалім, 1920 – 21 жылдары уездік партия комитетінің қазақтар секциясын басқарды, Азамат соғысына қатысты.
- 1922 – 23 жылдары “Еңбекші қазақ” газеті редакциясының алқа мүшесі әрі “Қызыл Қазақстан” журналының редакторы.
- 1923 – 28 жылдары Қазақ АКСР-і егін шаруашылығы халық комиссариатында, Семей және Ақмола губернияларында лауазымды қызметтер атқарды, 1930 – 32 жылдары Мәскеудегі ұжымшар ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болды.
- 1932 – 33 жылдары Алматыда ауыл шаруашылығын қайта құру жөніндегі ғыл.-зерт. ин-тының директоры, 1933 – 37 жылдары Қазақ АКСР-і Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы төрағасының орынбасары, Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғалымдары академиясының Қазақ бөлімі төралқасының төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы атқару комитетітінің төрағасы, Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау халық комиссары қызметтерін атқарды.
- 1937 жылы қазанда тұтқындалып, ату жазасына кесілген. 1957 жылы желтоқсанда ақталды.
Дереккөздер
- ↑ « Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7