Устименко Борислав Петрович

Устименко Борислав Петрович (9.7.1928 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қ.) – техника ғылымының докторы (1971), профессор (1973), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1988), ҚР ҰҒА-ның академигі (2004). ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бiтiрген. Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтында аспирант, кiшi, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушiсi (1951–75), осы институт директорының ғылыми жұмыстар жөнiндегi орынбасары (1975–88), директоры (1988–92); 1992 жылдан лаборатория меңгерушiсi, бас ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 1970 ж. «Исследование аэродинамики и теплообмена во вращающихся течениях вязкой несжимаемой жидкости» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негiзгi ғылыми еңбектерi жылу энергетикасы, жылу физикасы, қолданбалы газ динамикасы мәселелерiне және бу генераторының оттығы мен жанарғысын модельдеуге, т.б. арналған. Устименко жылу энергетикасы мен өндiрiстiң басқа да салаларында кеңiнен қолданылып жүрген гидромеханика және сұйықтық пен газдың турбуленттiк ағысында айналатын жылу алмасуға, баяу және ағыстың басқа да күрделi түрлерiнiң аэродинамикасына теориялық негiз жасап, терең зерттеулер жүргiздi. Устименконың басшылығымен қуатты энергетикалық блоктың қазан агрегаттары габаритiн елеулi азайтатын және олардың тиiмдiлiгiн арттыратын жаңа, жоғары тиiмдiлiктi оттықты әрі жанарғылы құрылғылар зерттелiп жасалды. Осы кешендi жұмыстары үшiн Устименко Қазақ КСР-iнiң Мемлекеттік сыйлығын алды (1986). 350-ден астам ғылыми еңбектiң, оның iшiнде 9 монографияның авторы. «Құрмет Белгiсi» орденiмен, медальдармен марапатталған. [1]

Шығармалары

  • Процессы турбулентного переноса во вращающихся течениях, А.-А., 1971;
  • Теплотехнические основы циклонных топочных и технологических процессов, А.-А., 1977;
  • Диффузионное горение турбулентных потоков, А., 1993 (соавт.).

Дереккөздер

  1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!