Томас Коул Солтүстік Америка табиғатының ауқымды көріністерін бейнелеуіне аса зор мән берген және өнер тарихында Гудзон өзені мектебінің қалаушысы ретінде қалған.
Бұл мектептің өкілдері Гудзонның және оның маңайындағы Катскилл мен Ақ таулардың айбынды пішіндерін кескіндеумен айналысқан. Бұған Томас Коулдың 1825-1827 жылдары салған суреттері бастау болған.
1825 жылдың күзінде Томас Коул бу күшімен жүретін кеменің бортында Гудзон бойымен саяхат жасайды.[1] Өзінің алғашқы танымал пейзаждарын осы кезде салады.
-
Форт Путнамның көрінісі
-
Өлі ағаштары бар көл
-
-
Каатерскил сарқырамасы
Нью-Йоркқа оралғанда, пейзаждарды Джон Трамбулл мен Ашер Браун Дюран жоғары бағалап, сатып алады және Коулмен әріптестік қатынас орнатады. Жақын арада Коул Катскилл тауларына тағы оралады және бір-екі жылдың ішінде аймақтың келбетін бейнелейтін талай суретті салып бітіреді.
1827 жылы Коул Катскилл қаласында өзінің студиясын ашады.[1] Ол Еуропаға және басқа жерлерге саяхаттардан кейін әрдайым осы жерге оралған. Кейінгі жылдары да бұл аймаққа өзінің көптеген суреттерін арнайды.
-
1837 жылғы сурет
-
1843 жылғы сурет
-
1844 жылғы сурет
-
Дереккөздер