Басқа мағыналар үшін Тайсойған деген бетті қараңыз.
Тайсойған құмы – Атырау облысының солтүстік шығыс шетін алып жатқан құм.
Географиялық орны
Каспий маңы ойпатының оңтүстік Орал алдының көтеріңкі оңтүстік-батыс қиыр шетін және Жем үстіртіне ұштасатын өңірін алып жатыр.
Жер бедері
Ойыл өзенінің, әсіресе оның саласы Жарыпшыққан өзенінің ғасырлар бойы өзі өтетін аймақтардан шайып әкелген жыныстар шөгінділерінің шоғырынан қалыптасқан. Жалпы ұзындығы 83 км-ге жуық, ені 40 км, ауданы 2400 км2. Адырлы-қырқалы, кейде құмды-шағылды келеді.
Климаты, өсімдігі
Өңірінің климаты куаң континенттік; каңтардың орташа температурасы — 13,8°С, шілдеде 24,4°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 180 мм, 1-2 м. Тереңдікте ыза сулы қабат кездеседі. Қуаң құмды жерге бейімделген шөптесін өсімдік бітік өседі. Тайсойған - Атыраудың ежелгі мал жайылымы.[1]
Дереккөздер