Орал алды үстірті - Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында жатыр.
Жер бедері
Үстірттің орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Ол солтүстік-шығысында біраз биіктейді де, солтүстікке, батысқа және оңтүстікке қарай араласып, төбелі-жонды жазыққа ұласып кетеді. Орал алды үстіртін Жем өзені салалары мен бірнеше ұсақ өзендер кесіп өтеді.
Геологиялық құрылымы
Үстірт кей жерлерінде фосфориттер кездесетін саз, құм шөгінділерінен түзілген. [1]
Дереккөздер
- ↑ "Талапкер" топтамасы. География: 6-10 сыныптар. - "Арман" баспасы, 2004 жыл - 432 бет. ISBN 9965-636-23-0