Сүлеймен Бақырғани



Сүлеймен Бақырғани
Дүниеге келгені: 1091 Хорезм
Қайтыс болғаны: 1186
Коңырат районы Қарақалпақстан Республикаси, Өзбекистан
Мансабы: ақын, ойшыл, ғұлама

Сүлеймен Бақырғани (Бақырған ата, Хаким ата, Сүлеймен ата) (XII ғ-дың 2-жартысы) – ақын, ойшыл, ғұлама. Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті.

Еңбектері – Бақырған кітабы (қыпшақ тілінде жазылған өлеңдер жинағы), Хазрет Мариям кітабы, Ақыр заман кітабы.

Өмірбаяны

Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз —1186 ж.) Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол өзінің "Ақырзаман" кітабында: Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы Ибраһим құлыны, Машайықтар ұлығы — Шайқым Қожа Ахмет Ясауи. Шариғаты мінсіз, Тариқаты түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік — Шайқым Ахмет Ясауи, — деп жырлағандай, әйгілі Әзірет Сұлтанға шәкірт болған. Кейін Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Дамаск қалаларында білімін толықтырды. Халық арасында Хакім Ата деген атпен белгілі.

Еңбектері

Оның басты және көпке танымал "Ақырзаман", "Бақырғани кітабы" еңбектерінде эстетика, этика, тазару, адам жанының үндестігі мәселелеріне көңіл бөлінеді. Оның ойынша, мәңгілік әдемілік — Құдай. Алла — таза абсолюттік болмыс. Алла төрт бірліктен (от, су, жер, ауа) құралатын төрт тарап дүниені жаратты. Сосын өсімдіктерді, жәндіктерді, жан-жануарларды, оларға әмірін жүргізуші төрт мүшеден (аяқ, қол, бас, дене) тұратын адамдарды дүниеге келтірді. Бақырғанидің пікірінше, құдайдың сұлулығын фәни жалған пендесі танып-біле алмайды. Өйткені қарапайым адам мен Алла тағала арасында көзге көрінбейтін "перде" ілінген. Аталмыш "пердені" ысырып, құдайды танып-біліп, дидарына тәнті болғысы келген адам, ең алдымен, сопылық жолға түсіп, оның негізгі сатыларынан (шариғат, тарихат, хақиқат, мағрипат) өтуі қажет. Нәтижесінде "ішкі көзі" ашылып, рухани тазарған адам Аллаға бір табан жақын болады. Құдайды ақыл емес, оған деген махаббат арқылы танып-білуге болады. Махаббат — жоғары сезім. "Құдайды не үшін сүюге болады?" деген сұраққа Қасиетті Алла кітабының 61-аятымен жауап береді. Құдай сұлулығы — оның рақымшылдығында, кешірімділігінде, пенделеріне жасайтын шексіз жақсылығында. Жақсылығы өзі жаратқан пенделеріне деген махаббатында. Тек жаны жомарт, сабырлы, білімді адам ғана Құдайға жақын тұра алады. Алла адам мен оның жүрегінің ортасында. Бір кездері адамдар оның қол астына жиналады. Табиғат пен адамзат заңдары бір-бірімен байланысты. Адам өзін-өзі танып-білу арқылы ғана Құдайды тануы мүмкін. Менмендік, сараңдық, қызғаншақтық, көрсеқызарлық, ұрыс-керістен тазарған адам ғана толық рухани азаттық алмақ. Сопылыққа барар жол соқпақты. Қиындығынан қорықпай, белді бекем буғандарға алғы шарт — өзіне ұстаз белгілеп алу. Тарихат сатыларынан өтіп, кемелденген шәкірт дәрежесіне жеткенше, ұстазының қолында тәрбие көріп, білім алмақ. Ол үшін шәкірт бірнеше сатылардан өтеді. Тарихат деп аталатын бірінші сатыда ол толығымен тазарады. Ал екінші сатыда шәкірт біреу жайында жаман нәрсе айтпақ түгілі, сынай да алмайды. Үшінші сатыда жас сопы жан тыныштығына енеді. Адам әрқашан да кімге көмек қажет болса, соған көмектесуі керек. Бесінші сатыда адам жаны қанаттанады. Мұнда сопы Алла дидарын тамашалай алады.

Сүлеймен Бaқырғaнидың “Исмaйыл қиссaсындa” Ибрaһим пaйғaмбaрғa жaрaтушы түсінде aян беріп, құрбaн шaлуы керектігін aйтaды. Жүз түйені құрбaн шaлaды. Аллa Жебірейілге Ибрaһим ұлын құрбaн қылсын деген пәрмен жібереді. Әйелі Ажaрғa ұлын досынa ертіп aпaрaтынын aйтып, бaсын жуғызып, көзіне сүрме жaғып, бaсынa тәжін, үстіне тaзa тонын кигізіп дaйындaйды. Ибрaһим aлмaс пышaқ, жіп aлды. Екеуі Мекке шaһaрынaн шығaды. Ібіліс бұл істі біліп, Исмaйылды aзғырaды. Исмaйыл оның сөзіне сенбей, шaйтaнғa тaс aтып қуaды.

Әдеміліктің 3 түрі

Шығармасының соңында Сүлеймен Бақырғани әдемілікті 3 түрге бөлген:

1. Абсолютті өзгермейтін Алла сұлулығы;

2. Жаратылыс сұлулығы немесе Құдай сұлулығының шағылысып түскен жердегі көрінісі;

3. Рухани сұлулық. Адам жерге Алла арқылы рухани сұлулыққа жету үшін жіберілген. Философияның түсінігінше, шынайы өмірдің негізін адамгершілік, демократия, әлеуметтік әдемілік құрайды. Міне, осы ойлардың бәрі сопылық ілімнен бастау алып жатыр. Дәлірек айтқанда, өз ұстазы Қожа Ахмет Ясауи көзқарасын ұстанып, оны ілгері дамытқаны ақиқат. Діни аңыздар желісінде жырлар жазу арқылы Сүлеймен Бақырғани түркі әдебиетінде ХӀӀӀ-ХӀV ғасырларда кең өріс алған нәзирашылдықтың (бұрыннан белгілі сюжеттерді жаңғыртып жазу) алғашқы бастауларына жол салған еді. Сүлеймен Бақырғани 82 жасында Түркістанға жақын жерде дүние салды. Оның кітабын 1897 ж. Е.А.Малов "История общества археологии, истории, этнографии" (XIV том) деген еңбегінде басып шығарды[1][2]

Дереккөздер

  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
  2. Қазақ энциклопедиясы
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Sulaimon Boqirghonii

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!