Басқа мағыналар үшін Сулыкөл деген бетті қараңыз.
Сулыкөл (бұрынғы атауы - Қалдығайты) — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл, Сулыкөл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км жерде, Қалдығайты өзенінің оң жағалық жайылмасында, көкпек, бетеге, еркекшөп басым өскен шалғынды-қөңыр, сортандау қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1790 адам (914 ер адам және 876 әйел адам) болса, 2009 жылы 1446 адамды (746 ер адам және 700 әйел адам) құрады.[1]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1108 адамды (567 ер адам және 541 әйел адам) құрады.[2]
Тарихы
Іргесі 1930 жылдары шаруашылықтарды ұжымдастыру негізінде қаланды. Бұрын "Соналы" ауылы деп аталып келген. 1999 жылдан қазіргі атымен аталады. 1957-1997 жылдары "Қалдығайты" қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қалдығайтыда және округтегі Темірбек, Төлен, Үшана ауылдарында 36 шаруа қожалығы құрылды.
Инфрақұрылымы
Ауылдарда 2 орта, орталау, бастауыш мектептер, 3 клуб, медениет үйі, 4 кітапхана, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.[3]
Дереккөздер