Ақтай, Ақтайсай — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл, Қаракөл ауылдық округі орталығы. Іргесі 1931 жылы қаланған.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан шығысқа қарай 35 км жерде, бетеге мен селеу өсетін қоңырқызыл және сортаң топырақты далалық белдемде орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 980 адам (498 ер адам және 482 әйел адам) болса, 2009 жылы 723 адамды (367 ер адам және 356 әйел адам) құрады.[1]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 509 адамды (262 ер адам және 247 әйел адам) құрады.[2]
Ауылда машина жөндеу шеберханасы, орта мектеп, кітапхана, аурухана, клуб, сауда және тұрмыс қажетін өтеу комбинаты бар.
Дереккөздер