Басқа мағыналар үшін Сарықамыс деген бетті қараңыз.
Сарықамыс — Атырау облысы, Жылыой ауданында болған кент. 2007 жылы таратылған.[1]
Тарихы
Кент 1973-1986 жылдар аралығында Маңғышлақ облысы Бейнеу ауданының құрамында болды. 2002 жылы кенттің негізгі халқы Жаңа Қаратон кенті мен Құлсары қаласына көшірілді. Көші-қон Қазақстан Республикасының қаулысы бойынша іске асты. Көшудің себебі – "Теңіз" кен орнындағы Теңізшевройлдағы өндірістік апат. Жоспарлы түрде зиянды заттардың апатты мөлшерде шығарылуы экологияны күрт нашарлатты. Кенттегі халықтың соңғы легі 2006 жылы Атырау қаласы Лесхоз шағын ауданы мен Жаңа Қаратон кентінде сап түзеген тұрғын үйлерге көшірілді.[2]
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер