Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғали

Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғали
Туған күні

1 маусым 1940 (1940-06-01)

Туған жері

Абай облысы, Семей, Абай ауданы

Қайтыс болған күні

16 ақпан 2010 (2010-02-16) (69 жас)

Қайтыс болған жері

Астана

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақ КСР
 Қазақстан

Ғылыми аясы

Қазақ әдебиеті

Жұмыс орны

Еуразия ұлттық университеті(2000-2010)

Ғылыми дәрежесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі.Филология ғылымдарының докторы, профессор

Альма-матер

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Марапаттары


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері ҚР Білім беру ісінің құрметті қызыметкері

Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғали (1 маусым 1940 жылы Абай облысы, Абай ауданы - 16 ақпан 2010 жылы Астана) — қазақтың әдебиет танушы ғалымы, Филология ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, қазақ театртанушы және театр сынының негізін қалаушы, жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері.

Жалпы мәліметтер

Рымғали Нұрғалиұлы 1 маусым,1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей, Абай ауданы (Шығыс Қазақстан облысы)да туған. Арғын тайпасы Қаракесек руы Байбөрі бөлімінен шыққан.[1] 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы С.М.Киров атындағы ҚМУ)нің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. 1966 жылы осы университеттің асперантурасын, 1972 жылы доктарантурасын бітіріген.

Еңбек жолы

  • 1962-1965 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар, Целиноград, Қостанай облыстарындағы тілшісі болып очерктер, әңгімелер жазып, фольклор нұсқаларын жинады.
  • 1966 -1968 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы сын секциясында кеңесші болған.
  • 1968-2000 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де доцент, профессор, факультет деканы.
  • 1986-1997 жылдары Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас редакторы (1986 – 96) қызметтерін атқарған.
  • 2000 - 2010 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ әдебиеті кафедрасаның меңгерушісі қызыметтерін атқарды.

Ғылыми еңбектері

  • 1961 жылы Рымғали Нұрағлиұлының тырнақалды «Сабыр Шәріпов» атты ғылыми еңбегі университет баспасында жарық көрді.
  • М.Әуезов шығармашылығының алғашқы кезеңдерін, ұлы қаламгердің драматургиясын монографиялық тұрғыдан зерттеген. Қазақтың алғашқы режиссері, көрнекті драматург Ж.Шанин мұрасын жан-жақты танытты, 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті ұжымдық монографиясына (1997) автор болды. «Абай» энциклопедиясының бас редакторы, 11 - сыныпқа арналған Қазақ әдебиеті оқулығының авторларының бірі. «Қазақ ССР. Қысқ энциклопедия», «Ол кім? Бұл не? Шәкірт энциклопедиясы», «Ислам», «Абай», «Философиялық сөздік», «Әлемде талай қызық бар», «Боздақтар. Естеліктер кітабы» сияқты энциклопедиялар мен сериялардың, жобалардың, әдебиет пен өнер, эстетика мен театр мәселелерін сөз ететін көптеген эссе, портрет, шолу, мақалалар циклінің авторы.
  • Л.Толстойдың «Әзәзіл» повесін, Н.Погодиннің «Салтанат жыры» пьесасын, Ә.Кешоковтың «Соңғы шақырым» драмасын, П.Брагиннің «17 жайлы хикая» повесін, эстон әңгімелерін, бірнеше көркем фильмдерді қазақ тіліне аударды. «Жұмат Шанин» деректі фильмінің сценариін жазған. «Дән» новеллалар жинағы, «Ай қанатты арғымақ» романы әдеби сында жоғары бағаланған.
  • Оның құрастыруымен, алғы сөз, соңғы сөз және түсініктермен, редакциялауымен Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы,Жүсіпбек Аймауытов,Жұмат Тұрғынбайұлы Шанин,Мұхтар Омарханұлы Әуезов энциклопедиялық сипаттағы томдары,Ілияс Есенберлиннің 10 томдық шығармалар жинағы,Бейсенбай Кенжебаев, Шәкір Әбенов,Қапан Оралұлы Бадыров,Фариза Оңғарсынова,Төлеужан Мұхамеджанұлы Ысмайылов кітаптары басылып шықты.

Шығармашылығы

50-ден астам кітап, 700-дей ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы. Рымғали Нұрғалиұлының бірқатар еңбектері жарыққа шыққан:

  • 1968 жылы «Трагедия табиғаты»
  • 1969 жылы «Талант тағдыры»
  • 1974 жылы «Артерия», «Сөз өнері», «Қазақ драматургиясы»
  • 1979 жылы «Әдебиеттің эстетикалық мәні»
  • 1986 жылы «Дәстүр мен қазіргі әдеби процесс»
  • 1987 жылы «Қазақ революциялық поэзиясы» және «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі»
  • 1989 жылы «Жаңару ағашы»
  • 1990 жылы «Ертеңгі бәйге. Роман. новеллалар»
  • 1991 жылы «А. Байтұрсынов»
  • 1993 жылы «Қазақ энциклопедиясы»
  • 1999 жылы «Әуезов және Алаш» және «Қазақ әдебиеті. Оқулық»
  • 2000 жылы «Көркем сөз»
  • 2002 жылы «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры»
  • 2003 жылы «Әдебиет теориясы. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық-хрестоматия» және т.б.

Қоғамдық белсенділігі

  • Рымғали Нұрғалиұлы Қазан, Рига, Душанбе, Бішкек, Тбилиси, Ереван, Баку, Мәскеу, Кишинев қалаларында өткен халықаралық, бүкілодақтық, аймақтық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, ғылыми баяндамалар жасаған. Америка, Англия, Франция, Германия, Индия, Венгрия, Иран, Түркия, Монғолия, Қытай, Оңтүстік Корея, Чехия, Словакия елдерінде болып, түрлі жиындарда сөз сөйлеген.
  • 1968 жылдан Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
  • 1991 жылдан Қазақстан Пен-клубының мүшесі.
  • Ол терминология және ономастика комитетінің, мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі Комитет мүшесі. Бірнеше ғылыми-әдеби басылымның мүшесі болды.

Мемлекеттік марапаттары

  • КСРОның «Жоғарғы мектеп үздігі» құрметті белгісі;
  • 1984 жылы КСРОның «Жоғарғы мектептің еңбек сіңірген қызыметкері» атағы;
  • 1988 жылы “Қазақ революциялық поэзиясы” трилогиясы үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
  • 1998 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағының иегері.
  • 2001 жылы «Қазақстан тәуелсізідігіне 10 жыл» медалі;
  • 2003 жылы Ш.Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты;
  • 2003 жылы ҚР «Құрмет» грамотасының иегері;
  • 2004 жылы «Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызыметкері» құрметті атағы;
  • 2005 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» мен марапаттады.
  • 2005 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты;
  • 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
  • РФның «Шолоховқа 100 жыл» медалі;
  • Шәкәрім атындағы Семей мемлекетік университетінің Құрметті профессоры
  • Абай ауданының құрметті азаматы.

Ғылыми атақтары

  1. Т.А.Еңсебаев 1 // = Қаракесек шежіресі — Палодар: Кереку, 2010. — Т. 1. — 237 б. — 9965-08-372-Х таралым.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!