Рита Леви-Монтальчини (итал. Rita Levi-Montalcini; 22 сәуір 1909 жыл, Турин — 30 желтоқсан 2012 жыл, Рим) — италиялық нейробиолог, 1986 жылы, Стэнли Коэнмен бірге өсу факторын, NGF ашқаны үшін Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты. Италия Республикасының Өмірбойы сенаторы.
Өмірбаяны
Рита Леви (1930 жылдары, оның апасы мен ағасымен бірге ол өз тегін Леви-Монтальчиниге өзгертті) төртінші бала болып (оның егіз апасы Паоламен бірге), Турин қаласында еврейлік сефардтық отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Адамо Леви (1932 ж қайтыс болған) инженер-электрик және математик болған, оның отбасы Казале-Монферратодан шыққан; ал анасы Аделе Монтальчини — Астидан шыққан суретші болған.[1]
Медицина мектебін 1936 жылы бітірген Леви-Монтальчини физиолог Джузеппе Левидің (итал. Giuseppe Levi, 1872—1965) ассистенті болып жұмысқа орналасады,[2] бірақ көп ұзамай Муссолини Үкіметімен еврейлерге академиялық және кәсіби мансап жасауға тыйым салатын жаңа антисемиттік заңдар енгізілгеннен кейін, оған жұмысынан шеттетіледі. 1943 жылы Леви-Монтальчини отбасымен Флоренцияға қашып Туринге тек әскери қимылдар аяқталғаннан соң ғана оралды.
Отбасы
Марапаттары
Дереккөздер
Сілтемелер