Бенгт Ингемар Самуэльсон (швед. Bengt Ingemar Samuelsson; 21 мамыр 1934 ж.т., Хальмстад, Швеция) — швециялық биохимик. Холестериннің метаболизмін және арахидонов қышқылының трансформациялық өнімдерін зерттей отырып, Самуэльсон осы өнімдердің арасында, маңызды компоненттер простагландиндер, тромбоксандар және лейкотриендерді тауып сипаттаған.
Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты (1982), «простагландинге және оған жақын биологиялық белсенді заттарды ашқаны үшін» Суне Бергстреммен және Джон Вейнмен бірігіп алған.
Жастық шағы
Бенгт Самуэльсон шведтік Хальмстад портты қаласында өмірге келген. Оның ата-анасы Кристина мен Андерс Самуэльсондар. Жергілікті мектепті бітіргеннен соң Лунд университетітінің медицина колледжіне түскен ол, физиологиялық химия профессоры Суне Бергстремнің зертеу лабораториясында. 1958 году Самуэльссон Бергстремнің зерттеу тобы ретінде Стокгольмдегі Каролина институтына ауысып, онда белсенді түрде медицина мен биохимияны зерттейді.
Ғылыми және кәсіби қызметі
1960 жылы ол диссертациясын қорғап медицина ғылымдарының докторын алды. Келесі жылы Каролина институтытының медициналық химия ассистент-профессоры болып тағайындалады. 1961 - 1962 жылдары Гарвард университетітінің химия кафедрасындағы Элайас Джеймс Кори лабораториясында істеп жүріп, теориялық химияны және органикалық байланыстардың синтезін зерттейді.
1962 жылы Самуэльсон Каролина институтына оралады қайтадан бұл кезде простагландиндер деп аталатын биологиялық белсенді қосылыстар тобын зерттеуді бастаған Бергстреммен істей бастайды (бірінші рет, осы қосылыстарды Колумбия университетінің терапия және хирургия колледжінде гинекологтар 1930 жылы ашты). Бергстрем простагландиндерді оларды қой ұрығынан тапқан Эйлерден алады. Бергстреммен бір істеп жүріп, Самуэльсон простагландиндердің тірі организмдерде өндірілуін зерттеді. Екі жылдан соң жұмыс істеу басталғаннан кейін, олар простагландиндер кейбір ет және көкөніс өнімдерінің құрамындағы қанықпаған май қышқылы — арахидон қышқылында қалыптасады деп тапты. Алдағы бірнеше жылда, зерттеушілер арахидон қышқылы арнайы фермент әсерінен бұл біріншіден эндопероксидтер деп аталатын затқа айналады және осы заттардың бірінен одан әрі простагландиндер қалыптасады деп тапты. Келесіде Самуэльсон осы арахидон қышқылы мен ферментативті жүйелері қалыптастыру простагландиндері жануарлардың барлық ядролық жасушаларында кездеседі деп тапты. Осылайша әр түрлі жасушалар түрлі простагландиндерді қалыптастырады және соңғылары, өз кезегінде, ұқсамайтын биологиялық функцияларды атқарады.
Бергстрем және Самуэльссонның жаңалығы Каролин институтында басталған простагландиндердің биологиялық функцияларына қатысты бірқатар зерттеулерге бұлқыныс туғызды. Е тобы простагландиндері қан тамырларының қабырғаларының тонусын бәсеңдетіп артериялық қан қысымын төмендететіні, яғни, белгілі бір жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарды емдеу үшін пайдалы заттар болуы мүмкін екені табылған. Сонымен қатар, осы простагландиндер аспиринді және басқа да дәрілерді қабылдау кезінде асқазанның шырышты қабығын қорғап ойық жара ауруының алдын алады. F простагландиндері қан тамырлары қабырғаларының тегіс бұлшықет талшықтарының тарылуын және жоғары қан қысымының көтерілуін мен жатырдың жиырылуын туғызады, сондықтан, кейбір гинекологтар оларды жасанды түсікте пайдалана бастады.
1967 жылдан бастап 1972 жылға дейін Самуэльсон Стокгольм корольдік ветеринарлық колледжінде медициналық химия профессоры болып жұмыс істеді. Алдағы 10 жылда ол Каролин институтында химия кафедрасының басшысы және химия профессоры болып қызмет етті, эндопероксидтер биохимиясы және олардың туындыларына өз зерттеулерін жалғастырды.
1970-ші жылдардың басында Самуэльсон тромбоцитттердегі эндопероксидтердің бірі басқа затқа түрленетін анықтап, оған тромбоксан деп атады. Сондай-ақ, ғалымдар қан ұйығыштық процесінде тромбоксанның рөлін ашты. Осылайша жоғары қауіпті миокард инфарктісі тобындағы науқастарда аспириннің терапиялық әсері ғылыми негізделді.
1970-ші жылдардың ортасында, ол жылы лейкоцитде басқа ферментінің әсерінен арахидон қышқылы өзі лейкотриендер деп атаған затқа айналады деп тапты. Лейкотриендер лейкотриендердің әсерінен демікпе және анафилаксия шабуылына тудырады, лейкоциттер зақымдалған немесе қабынған тінмен өзара жақсы әрекеттеседі, олар осы тіндердің ыдырау өнімдерін жұтады және жояады.
1976 жылы Самуэльсон Гарвард университетінен, ал келесі жылы — Массачусетс технологиялық институтынан шақырылған профессормен жұмыс жасады. Алдағы бес жылда, ол Каролина институты медициналық факультетінің деканы болды.[1]
Нобель жүлдесі
1982 жылы Самуэльсон Бергстреммен және Джон Вейнмен Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын«простагландиндерге және сабақтас биологиялық белсенді заттарға қатысты жаңалықтары үшін» алды.
Құттықтау сөзінде Каролина институтынан сөйлеген ғалым Бенгт Перн былай деді: «Если Бергстрем простагландиндерді бірінші оқшаулаған және олар бүкіл физиология жүйесінің элементтері екенін көрсеткен болса, Самуэльсон осы жүйенің ең маңызды құрамдас кейбір құрылымдарын анықтап және орнатып қана қоймай, сонымен қоса оның әр түрлі компоненттері арасында қарым-қатынасын анықтады».
Кейінгі қызметі
Самуэльсон Нобель сыйлығын алған жылы Каролин институтының ректоры болып тағайындалды. Ол Швец корольдік ғылым академиясының мүшесі және Американдық ғылым және өнер академиясының шетелдік мүшесі болып сайланды .
Басқа марапаттары
Жеке өмірі
Бенгт Самуэльссон Карин Бергстен Самуэльсонға үйленген. Екі қызы бар: Элизабет және Астрид Самуэльсондар.[2]
Дереккөздер
- ↑ Бенгт САМУЭЛЬСОН - Өмірбаян.
- ↑ Bengt I. Samuelsson.
Сілтемелер