Нью-эйдж (ағылш.New Age) — электрондық музыка мен этника қиылысындағы жеңіл музыкалық жанр.
Бұл музыканы орындаушылар шығармаларында көбінесе табиғат, ұлттық дәстүрлер, өз-өзін тану сияқты тақырыптарды қозғайды.
Жанрдың шектері анық белгіленбеген, және ол туралы даулар әлі бітпеген. Эмбиентке қарағанда, фонда ойналатын жай ғана әуен емес, белгілі бір мелодиялары бар. Халық музыка аспаптары кен қолданылады. Табиғатта кездесетін дыбыстардың (су сылдыры, жапырақтардың сыбдыры, құстардың сайрауы) сэмплдерін әуенге қосу да жиі кездеседі.
Сазгерлердің және музыкатанушылардың кейбірі жанрды нью-эйдж деп атауды мүлдем қолдамайды. Мысалы, Enya әншінің айтуынша, көптеген радиостанциялар мен дыбыс жазатын компаниялар музыка жанрын анықтауда қиындыққа ұшыраса, оны нью-эйджке жатқыза салады. Ал Дэвид Аркенстоунның айтуынша, адамдар лифтіде ойналатын кез келген музыканы нью-эйдж деп атай бергеннен жанрдық беделі төменшіктеніп тұрады.
Алайда нью-эйдж термині қалыптасып біткен деуге болады. Оның бір мысалы ретінде Грэмми номинациялары арасында «үздік нью-эйдж альбом» сыйлыңын келтіруге болады.