Николай Лазаревич Бубличенко (9.10.1899, Украина, Харьков қаласы — 2.7.1990, Ресей, Санкт-Петербург) — ғалым, геология-минералдарының ғылыми докторы, профессор, (1940), Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1958), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1961). Ленинград кен институтын бітірген (1924). 1924 — 39 жылы Геологялық комитеттің барлау экспедициясында аға коллектор, геолог болып Алтайда, Қаратауда және Балқаш аймағында жұмыс істеді. 1939 — 50 жылдары Қазақстан ҒА-нда геология секторының аға ғылыми қызметкері, 1951 — 69 жылдары Өскемен қаласындағы Алтай тау-кен металлургия институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі және директордың орынбасары. 1969 — 73 жылдары Қазақстан Геологиялық ғылымдар институтының Алтай бөлімінде ғылыми жетекші, 1973 — 82 жылы осы институтта ғылыми қызметкер және кеңесші болды. Негізгі ғылыми еңбектері орта палеозойдың, әсіресе, девонның стратиграфиясы мен палеонтологиясын зерттеуге арналған. Ол Қазақстанда төменгі, ортаңғы девон жәнеКузбаста жоғарғы силур шөгінділерінің бар екенін алғаш рет дәлелдеді. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдермен марапатталған.
Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том