Николай Ильич Потанин

Николай Ильич Потанин (1801, Преснов ст. - 19 ғасырдың ортасы) - 19 ғасырдың басында Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші.

Атасы Андрей екі ағасымен бірге "Горькая желісінің" алғашқы қоныстанушыларының бірі болған. 1816 жылы Сібір жауынгерлерінің әскери училищесінен казак жауынгері ретінде бригадаға жіберілген. 1821 жылы казак унтер-офицері болған. 1822 жылы атты әскер полкына ауыстырылып, 1828 жылы, хорунжийлік шенге ие болған. 1829 жылы Санкт-Петербургтен ханға берілген сыйлықпен қайта оралып келе жатқан қоқан елшісін қазақ даласы арқылы алып өтіп, бағыттарды жаттап алуға және тұрғылықты ауылдар мен жолдарды, хандықтың әскери және экономиклық жағдайын суретттеп-баяндап келуге тапсырма алады. Тоғыз айға созылған саяхаттан оралған соң Әскери басқармаға бағыттардың картасын, саяхат күнделігін және нақты мәліметтер, қысқаша баяндалған жазбалар тапсырады. Мәліметтердің біразы сол кезде "Әскери журналда" жарияланады. Көп кешікпей оған Санкт-Петербургте патшаға ішінде түйе малы бар сыйлық апара жатқан Қоқан елшілігін шығарып салу тапсырылады. 1834 жылы Потанин Баянауыл округінің бастығы болып сайланады, бірақ көп кешікпей қызметінен шеттетіледі. 1840 жылы 5 жасар ұлы болашақ ғалым Г.Н.Потанинмен Пресновқа оралады. 1916 жылы Орыс география қоғамы Батыс Сібір бөлімшесінің еңбектері жарияланатын 38-шығаралымы Г.Н. Потанинге арналып,онда "Хорунжий Н.И.Потаниннің Қоқан хандығы туралы жазбалары" (1829-30) толығымен жарияланады.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы: ”Қазақ энциклопедиясы», 2012. ISBN 9965-893-92-6

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!