1876-1877, 1879–1880 ж. Моңғолияның солтүстік-батысы және Туваға, экспедицияларға қатысты.
1884-1886 және 1892-1893 Солтүстік Қытай, Шығыс Тибет, Орта Моңғолия экспедицияларға қатысты.
1899 жылы Үлкен Хинганға шыққан экспедицияларға қатысты.
Г.Н. Потанин Орталық Азияға алғашқы саяхатын Н.М. Пржевальскийден бұрын 1863 жылы жасады. Орталық Азияға 8 рет саяхат жасап, 36 жыл бойы, 1899 жылға дейін, ауыр жағдайда жүріп қажымай-талмай зерттеді. Орыс География ғылымына көп еңбек етіп, үлкен жаңалықтар қосты.
Ғалым, географ алғашқы зерттеу жұмыстарын өзінің туған Отаны Қазақстан жеріне бастады. 1863 жылғы бірінші экспедициясында Оңтүстік Алтай мен Зайсан қазаншұңқырын зерттеді, 1864 жылы – Тарбағатайды, бұдан кейін 1876 жылдан бастап Орталық Азияны зерттеуге кірісті. Ол 1876–1877, 1879-1880, 1883-1886, 1892-1893 жылдары саяхат жасады. Бұл экспедициялардың бәрінде де өзінің сүйікті зайыбы әрі көмекшісі А.В. Потанинамен бірге болады. Бұл экспедицияларда жиналған мәліметтер бұрынғы кеңес дәуірінде толқтырылып басылып шықты.
Григорий Николайұлы 1835 жылдын 22 қыркүйегінде қазіргі Павлодар облысы, Ертіс жағасындағы Ямышев ауылында туды. Әкесі қызмет бабында бастықтарға қарсы шыққандықтан сотталып қара солдат болып төмендетілген казак–орыс еді. Ол түрмеде отырған кезде шешесі өліп Г.Н.Потаниннің үй–ішіне үлкен ауыртпалық түседі.Азияның болашақ атақты ғалымы бала кезінен өмірдің талай талқысын, жетімдікті, жеткіліксіз өмірді басынан өткізеді.
Г.Н.Потанин жас кезінде Ертіс жиегіндегі Пресногор ауылында оқып, полковник атағынан айрылған Эллизеннің үй–ішінде тәрбиеленеді. Одан кейін Омскідегі кадет корпусына түсіп, оны 1852 жылы 17 жасында бітіріп шығады. Жас офицерді Семей қаласындағы казак–орыс полкіне қызметке жібереді. Семейде ол қазақ халқының өмірімен толық танысады. Корпуста оқып жүрген кезде жан жолдасы Шоқан айтқан қазақ халқының тарихы, әдет–ғұрпы, өмірі көз алдына елестеп, ғалымды халық аузындағы бай аңыздар қызықтыра түседі.
Ғылыми еңбектер
Қазақ фольклоры үлгілерін, жалпы түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетін жинап, «Қазақтардың және алтайлықтардың аңыздары, аңыз-әңгімелері және ертегілері» (1916) атты еңбегін жазды. Потанин есімімен Наньшань тауындағы жота, Моңғол Алтайындағы мұздық аталған.[1][2]
Дереккөздер
↑“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9