Николай Григорьевич Кассин
Николай Григорьевич Кассин (13 желтоқсан , 1885 , Ресей , Киров облысы , Гнусино селосы – 28 қазан , 1949 , Алматы ) – геология -минералогия ғылымдарының докторы (1937), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1943).
Өмірбаяны
Ғылыми жұмыстары
Қызметінің алғашқы кезеңін Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігі мен Гурьев (қазіргі Атырау ) облысының гидрогеологиясы (1912 – 1916) мен Ресейдің Киров облысының геологиясын (1918 – 1924) зерттеуден бастаған.
Ол петрография , стратиграфия , геотектоника , металлогения , геоморфология , гидрогеология саласында жұмыс істеп, минералогия және палеонтологиямен де шұғылданды.
Негізгі еңбектері Қазақстан жерінің геологиялық құрылымын зерттеуге, оның шикізат қорын игеруге арналған. Кассин – Қазақстанның геология картасын тұңғыш жасаушылардың бірі; Бозшакөл мыс кен орнын (Р.А.Борукаевпен бірге) тұңғыш ашушы; жас альпілік вулканизмнің даму мүмкіндігін болжады, ол кейін (Семейтауда , Жетісу Алатауы , Кетпен жоталарында) дәлелденді.
Марапаттары
Дереккөздер
↑ Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5