Рамазан Асланбекович Борукаев

Борукаев Рамазан Асланбекович (24.1.1899, Ресей, Солтүстік Осетия, Правобережный ауданы Зильга ауылы — 9.7.1967, Алматы) — ғалым, геол.-минерал. ғылымдарының докторы (1954), профессор (1958), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1954), Қазақстанның еңбегін сіңірген ғыл. қайраткері (1958). Ленинград тау-кен институтын бітірген (1931). 1931 — 38 жылдары Бозшакөл геологиялық бөлімінің бастығы, Қазақ геологиялық тресінің бас инженері, бастығы, КСРО ғылым академиясының Қазақстан филиалындағы геология секторының меңгерушісі, геология-география бөлімінің бастығы (1938 — 1940), 1941 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институтында директордың орынбасары, директор (1964 — 67) болды. Қ.Сәтбаевтың жақын әріптесі әрі көмекшісі болған. Борукаевтың негізгі ғыл.-зерт. жұмыстарының бағыты Қазақстан палеозой эрасының тау жыныстарының стратиграфиясын, тектоникасын, палеогеографиясын және кен орындарын зерттеуге арналған. Ол Бозшакөл мыс-молибден кенін ашты. Оның басшылығымен хлорит, фосфорит, полиметалл және бірнеше көмір кені ашылды, сумен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Борукаев Қазақстанның әр түрлі масштабтағы геологиялық картасының авторы және редакторы. Лениндік (1958), Қазақстан Мемлекеттік (1982) сыйлықтарының лауреаты. Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдермен марапатталған.[1]

Шығармалары

1. "Допалеозой и нижний палеозой северо-востока Центрального Казахстана", Сары-Арка, М., 1955.;

Сілтемелер

1. «Борукаев Рамазан Асланбекович»

2. «Борукаев Рамазан Асланбекович»(қолжетпейтін сілтеме)

Дереккөздер

  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!