Нагаса́ки(жапон.長崎Нагасаки(ақп.)?) — халқының саны 423 163 адам болатын (2000) Жапонияның Кюсю аралының батысында орналасқан қала. Аталмыш қала Ураками өзенінің жағалауындағы теңіз айлағы және сауда орталығы болып саналады. Ал Ураками өзені Нагасаки айлағына келіп құяды. 1639-1859 жылдары шетел саудасы үшін ашылған жалғыз жапон айлағы болған еді. 1639 жылы португал және ағылшын көпестері (саудагерлері) қуылып шыққаннан кейін, айлаққа тек голландықтар, қытайлықтар, корейліктерге ғана кіруге рұқсат етілді. 19 ғасырда ресейлік тынық мұхит флотының (1903 жылға дейін) қысқы тұрағына айналды. 20 ғасырда маңызды кеме жасау орталығына айналады. 1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Нагасакиге АҚШ екінші атом бомбасын тастайды, 39 000 адам қайтыс болады, 25 000 адам жараланады. Қаладағы ғимараттардың шамамен 40 пайызы талқандалды. Кейін Нагасаки қайтадан қаланып, АТОМ ҚАРУЫНА тыйым салу қозғалысының орталығына айналды.