Мұхтар Әлиұлы Әлиев

Мұхтар Әлиұлы Әлиев
Лауазымы
А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының директоры
1987 — 1998
Президент Михаил Горбачёв
Премьер-Министр Николай Иванұлы Рыжков
1980 — 1983
Президент Леонид Брежнев
Юрий Андропов
Премьер-Министр Алексей Николайұлы Косыгин
Николай Александрұлы Тихонов
Ту
Ту
Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі
Ту
Ту
1983 — 1987
Президент Михаил Горбачёв
Премьер-Министр Николай Александрұлы Тихонов
Николай Иванұлы Рыжков
Ізашары Төрегелді Шарманов
Ізбасары Ақсұлтан Аманбайұлы
Ту
Ту
Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас оташы
Ту
Ту
1978 — 1980
Президент Леонид Брежнев
Премьер-Министр Алексей Николайұлы Косыгин
Николай Александрұлы Тихонов
Өмірбаяны
Білімі Қазақ ұлттық медицина университеті
Ғылыми дәрежесі Медицина ғылымдарының докторы
Мамандығы Оташы
Әкесі Әли Сәрсембаев (1892-1955)
Анасы Құндыз Сәрсембаева (1900-1937)
Жұбайы Минвар Қадышқызы Әлиева (1941)
Балалары Рахат Әлиев (1962)
Гүлшат Хорани (Әлиева) (1965)
Марапаттары
Халық қаһарманы
Халық қаһарманы
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалі
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалі
Қазақ КСР-нің мемлекеттік сыйлық лауреаты

Мұхтар Әлиұлы Әлиев – кеңестік қазақ хирургы, медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1976), Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі (1989), Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін қалаушы (1995), Халық қаһарманы (1995), халықаралық хирургтар қауымдастығының мүшесі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-12-ші шақырылымының депутаты.

Отбасы

Әкесі - Сәрсембаев Әли (1892-1955), темір жол көлігі жүйесінде жол қараушы болған. Анасы - Сәрсембаева Құндыз (1900-1937).

Үйленген. Жұбайы - Әлиева Минвар Қадышқызы (1941 жылы туған). Ұлы - Рахат Мұхтарұлы Әлиев (1962 жылы туған); қызы - Әлиева Гүлшат Мұхтарқызы (1965 жылы туған).[1]

Өмірбаяны

Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1957), емдеуші-дәрігер.

Медицина ғылымдарының кандидаты (1966), докторы (1974).

Докторлық диссертациясының тақырыбы:

«Қосылысқан сәулемен зақымданған жағдайдағы күретамыр арқаулығы».

Профессор (1976 жылдан).

ҚазКСР ҒА (1988), Халықаралық шығармашылық академиясының (1992), Халықаралық ақпараттандыру академиясының (1995), Нью-Йорк ғылым академиясының (1996), ГФР Медициналық білім беру академиясының (1996) академигі. ҚР хирургтері ғылыми мектебінің жетекшісі.

Мұхтар Әлиевтің жетекшілігімен 70 докторлық, 83 кандидаттық диссертация қорғалды. Ол 970 ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде 59 монографияның авторы, 155 авторлық куәлігі бар. ҚР мен КСРО патенттері мен алдын ала патенттерінің 151 өнер табысы авторлық куәлігіне иегер. Хирургия ғылыми орталығының 18 қызметкері Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты атанды.

30 ғылыми еңбектер жинағының бас редакторы.

1950 жылдан - Шымкент облысы Тимур ауылы 7 жылдық мектебінің оқытушысы.

1951 жылдан - Алматы мемлекеттік медицина институтының студенті.

1957 жылдан - Шымкент облысы «Тимур» кеңшарында учаскелік аурухана хирургі және бас дәрігері.

1958 жылдан - Алматы мемлекеттік медицина институтында клиникалық ординатор.

1960 жылдан - Республикалық кпиникалық ауруханасының хирург-дәрігері.

1961 жылдан - Онкология және радиология ҚазҒЗИ кіші ғылыми қызметкері.

1963 жылдан - Алматы екінші қалалық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі; Алматы мемлекеттік медицина институтының аспиранты.

1969 жылдан - Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру институты кафедрасының меңгерушісі, доцент. 1976 жылдан 1980 жылдар аралығында - Алматы мемлекеттік медицина институты хирургия кафедрасының меңгерушісі.

1978 жылдан 1982 жылға дейін - ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас хирургі. 1980 жылдан 1985 жылға дейін Ә.Н. Сызғанов атындағы Клиникалық және эксперименталды ҚазҒЗИ директоры.

1982 жылдан 1987 жылға дейін - ҚазКСР денсаулық сақтау министрі.

1997 жылдан - Ә.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының директоры.

2001 жылдан бері - Ә.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының құрметті директоры.

11-ші, 12-ші шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1983, 1985). Қазақстан Компартиясы XVI, XVII съездерінің делегаты, ҚКП ОК мүшелігіне кандидат (1986). КОКП XXVIII съезінің делегаты (1990). Халық депутаты (1990).

Ә.Н. Сызғанов атындағы хирургия Ғылыми орталығы жанындағы медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алу үшін ғылыми диссертация қорғау диссертация кеңесінің төрағасы (1988).

«КСРО-Франция» Достық қоғамдастығы Қазақ бөлімінің төрағасы (1978).

Бүкіл одақтық хирургтер қоғамының басқарма мүшесі (1978-1982).

ҚазКСР ҒА төралқасының мүшесі (1988, 1989).

Халықаралық гастроинтестианалды хирургтер клубының (1996), Н.И. Пирогов атындағы хирургтер ассоциациясының (1996) мүшесі. ПБИТС-мен күресу және алдын алу республикалық қоғамдық комитеттің құрметті төрағасы, ұйымдастырушысы (1989). «Қазақстан хирургиясы» (1995), «Клиницист» (1995), «Қазақстан медицина журналы» (1998). ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988), ҚРМемлекеттік сыйлығының (1999), «Мамандық-Өмір» Халықаралық сыйлықтың (2004), «Платина Тарлан» сыйлықтарының лауреаты (2005). «Абылай хан» алтын медалімен (1998), «XXI ғасырдың 500 негізін салушылар» (Кембридж, Англия, 2001), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін», «Астана» (1998), «XXI ғасырдың 2000 көрнекті интеллектуалдары» медальдарымен; «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» белгісімен (2001) марапатталған.

«Стратегиялық менеджмент үшін» алтын медалі мен лауреат атағын алған (Франция, 2002).

Аптын жұлдыз - айрықша белгісінің табыс етілуімен «Халық Қаһарманы» (1995), «Жыл адамы» (2001), «Әлемнің көрнекті интеллектуалдары», «Медицина облысында көрнекті кәсіби жетістіктері», «Әлем азаматы», «Әлем елшісі», «Көрнекті көшбасшы» (2003) атақтарына ие.

Марапаттар

  • Қазақстанның Халық қаһарманы (1995);
  • Отан Ордені (1995);
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (екі рет);
  • Алматының Құрметті азаматы;
  • «Мамандық-өмір» халықаралық сыйлығының лауреаты (2004);
  • «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты (2005);
  • Абылай ханның Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының Алтын медалі (1998);
  • «XXI ғасырдың 500 негізін қалаушылар» алтын медалі (Кембридж, Англия, 2001);
  • Медаль «1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін»;
  • «Еңбек ардагері» медалі (1987);
  • «Астана» медалі (1998);
  • «XXI ғасырдың 2000 аса көрнекті зиялылары» медалі;
  • «Академик В. Вахидов атындағы Республикалық мамандандырылған хирургия орталығына 30 жыл» мерекелік медалі (Өзбекстан, 2005);
  • «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі (2001);
  • «Стратегиялық менеджмент үшін» лауреат және алтын медаль (Франция, 2002);
  • «Жыл адамы» (2001), «Әлемнің жетекші зияткерлері», «Медицина саласындағы үздік кәсіби жетістіктер», «Әлем азаматы», «Әлем елшісі», «Көрнекті көшбасшы» (2003) атақтары;
  • Хирургияның дамуына қосқан зор үлесі үшін құрметті халықаралық диплом дипломанты (2002);
  • Балтимор қаласының Құрметті азаматы;
  • Кентукки штатының құрметті полковнигі, АҚШ (1988);
  • Аудан орталықтарындағы екі көшеге, Жетісай медициналық училищесіне Әлиев есімі берілді;
  • Шымкент және Ақтөбе мемлекеттік медицина академияларында Әлиев атындағы шәкіртақы тағайындалған.

Құрмет атақтар:

  • Халықаралық хирургтар қауымдастығының мүшесі (1988).
  • Балтимор қаласының Құрметті азаматы және Кентукки штатының Құрметті полковнигі, АҚШ (1988).
  • Н. И. Пирогова атындағы Хирургтар қауымдастығының мүшесі. (1996).
  • Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі (1996).
  • ГФР халықаралық медициналық білім беру академиясының құрметті мүшесі (1998).
  • Хирургияны дамытудағы көрнекті үлесі үшін құрметті халықаралық дипломның дипломанты (2002).

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!