Михаил Ильич Усанович |
Туған күні |
17 маусым 1894 (1894-06-17)
|
---|
Туған жері |
Житомир
|
---|
Қайтыс болған күні |
15 маусым 1981 (1981-06-15) (86 жас)
|
---|
Қайтыс болған жері |
Алматы
|
---|
Ғылыми аясы |
физика, химия
|
---|
Жұмыс орны |
Томск университеті
|
---|
Альма-матер |
Әулие Владимир университеті
|
---|
Марапаттары |
|
Михаил Ильич Усанович (16.6.1894, Украина, Житомир қ. – 15.6.1981, Алматы қ.) – химия ғылымының докторы (1938), профессор (1930). Қазақстан ҒА-ның академигі (1962). Қазақ КСР-інің (1967) және Өзбек КСР-інің (1943) еңбек сiңірген ғылыми қайраткерi.
Киев университетiн бiтiрген (1917). Украина ғылым академиясының лабораториясында ғылыми қызметкер (1918–20), Киев қаласындағы Химия-фармацевтика зауытында басшылық қызметте, сонымен қатар Политехникалық институтында оқытушы (1920–29) болды. Томск университетінде (1930–34), Орта Азия университетiнде (1935–43, Ташкент қ.), Қазақстан ғылым академиясының Химия ғылымдары институтында лаборатория меңгерушісі (1944–49), аға ғылыми қызметкер (1949–61), ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі (1944–81, қазіргі ҚазҰУ), декан (1946–48) және лаборатория меңгерушісі (1964–81) қызметтерін атқарған. 1938 ж. оған диссертация қорғамай-ақ химия ғылымының докторы дәрежесі берілді.
Негiзгi ғылыми еңбектерi ерітінділер теориясына арналған. Ол ерітінділердің сандық теориясын (1932) қорытты, аномальды электр өткізгіштік кездейсоқ құбылыс емес, заңдылық екенін дәлелдеді; қышқылдар мен негіздердің жалпы теориясын қорытып, химиялық реакция құрамы жағынан тепе-теңдік концентрациясына тәуелді болған жағдайда ғана идеалды ерітінділер заңына бағынатынын анықтады; сонымен бірге ерітінділердің қасиеттері (тығыздығы, тұтқырлығы) олардың құрамына байланысты екенін химиялық теңдеулер арқылы дәлелдеді. Усанов «Қышқылдар мен негiздердiң Усанович теориясының» (1938) және 300-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы. 3 рет Еңбек Қызыл Ту орденiмен (1945, 1961, 1974), медальдармен марапатталған. Шығармалары.: Исследования в области теории растворов и теории кислот и оснований, А.-А., 1970.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақстан ұлттық энциклопедиясы