Магниттік момент

Магниттік момент[1] — заттың магниттік қасиеттерін сипаттайтын негізгі шама. Электр-магниттік құбылыстардың классикалық теориясына сәйкес магнетизмнің (Магниттік моменттің) көзі электр макротоктар және микротоктар (атомдық) болып табылады. Магнетизмнің қарапайым көзі ретінде тұйық ток алынады. Электр-магнит өрістің классикалық теориясы және тәжірибелік деректер бойынша тұйық токтың (тогы бар контурдың) магнит әсері ток күші (і) мен контур ауданының () көбейтіндісі (М) белгілі болғанда ғана анықталады:

  • М=і/с (бірліктердің СГС жүйесінде).

Анықтама бойынша М векторы Магниттік момент болып табылады. Оны электрлік диполь моментіне ұқсастырып, М=ml, түрінде жазуға болады: мұндағы

  • m — контурдың эквиваленттік магнит заряды
  • l — қарама-қарсы таңбалы “магниттік зарядтардың” ара қашықтығы.

Элементар бөлшектердің, атом ядросының, атомдар мен молекулалардың электрондық қабықшаларының Магниттік моменті болады. Кванттық механика көрсеткеніндей жеке элементар бөлшектердің (электрон, протон және нейтронның, т.б.) Магниттік моменті олардың меншікті механикалық моментінің — спинінің болуымен байланысты. Ядроның Магниттік моменті осы ядроны түзетін протондар мен нейтрондардың спиндік Магниттік моментінің, сондай-ақ, олардың ядро ішіндегі орбиталдық қозғалысымен байланысты туындайтын Магниттік моментінің қосындысынан тұрады. Макроскопиялық денелердің магниттік күйін сипаттау үшін денені құрайтын барлық микробөлшектердің қорытқы Магниттік моментінің орташа мәні есептелінеді. Дененің бірлік көлеміне қатысты Магниттік момент магниттелушілік деп аталынады.

Пайдаланған әдебиет

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!