Лев Соломонович Гецкин

Лев Соломонович Гецкин (20.5.1911 жыл, Башқортостан, Уфа қаласы – 28.12.1992 жыл, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1964), профессор (1967), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондет мүшесі (1967), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1976).

Марапаттары

  • Екатеринбургтегі Орал политехниқалық институтын бітірген (1934).
  • 1934–1944 ж. Челябинск мырыш зауытында цех шебері, бастығы, зертхана меңгерушісі, бас инженердің орынбасары.
  • 1944–1952 ж. Өскемен мырыш зауытында техника бөлімінің бастығы, бас инженердің орынбасары, бас инженер, директоры болып қызметтер атқарды.
  • 1952–1982 ж. Бүкілодақтық түсті металдар ғылыми-зерттеу институтының Қазақстандағы бөлімшесінде бас инженер, директордың орынбасары, директоры болды.

Еңбектері

Гецкин – түсті металдар (қорғасын, мырыш, мыс) мен шикізаттарды кешенді пайдалану мәселелерін зерттеумен айналысты. Оның басшылығымен Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында, Шымкент қорғасын зауытында металлургиялық тозаңдарды кешенді түрде қайта өңдеу технологиясы жасалып, өндіріске енгізілді.

  • Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары полиметалл концентраттарын өңдеу технологиясының және оларды кешенді пайдаланудың физика-химия негіздеріне (темір-магнитті кентастардан металдарды ажыратып алу, т.б. технологиясы) арналған (Лениндік сыйлық, 1961).
  • Оның сирек кездесетін металдар кентасын кешенді пайдалану технологиясы селен өндіру процесінде қолданылды.
  • 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.[1]

Дереккөздер

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!