Лоуренс Пейдж
26 наурыз 1973 (1973-03-26) (52 жас)
Мичиган, АҚШ
АҚШ
еврей
Google Inc. компаниясының басты атқарушы директоры
Lucinda Southworth
1
Лоуренс «Ларри» Пейдж (ағылш. Lawrence „Larry“ Page; 26 наурыз 1973, Лансинг, Мичиган штаты , АҚШ) — Google іздеу системасының жасаушысы және қалаушысы (Сергей Бринмен бірге). 2011 жылдың 4 сәуірінде Эрик Шмидті алмастырып, компанияның басты атқарушы директоры болып тағайындалады[1][2]. Жеке қаражаты шамамен $20,3 миллиард доллар құрайды, Forbes журналының Американың 400 ең бай адамы ьізімінде 13 орында. PageRank системасын құрушы, ол кейін Google іздеу алгоритмінің сап түзеу системасының негізіне алынды[3]. Брин және Пейдж компания акцияларының 16 %-на ие.
Ларри Пейдж Лансингтені еврейлер жанұясында туылады (АҚШ, Мичиган штаты). Әкесі — Карл Виктор Пейдж-үлкен Мичиган штаты университетіндегі компьютер ғылымының докторы, анасы — Глория Пэйдж бағдарлама жасау пәні мұғалімі, сол жерде.
Ист-Лансингтегі орта мектепті бітірген (East Lansing High School). Компьютерлік ғылым саласында бакалавр дәрежесін Мичиган университетінде алады. Ал магистр дәрежесін Стэнфорд университетінде тамамдайды.
Стэнфорд университетіндегі оқуы кезінде басқа аспирант-математик Сергей Бринмен танысады. Кейіннен олар бірге Google интернет-компаниясын ұйымдастырады, компания жұмысын 1998 жылы бастайды. Пейдж Бринмен бірге 2001 жылға дейін компания президенті қызметін атқарады, сосын олар Эрик Шмидті шақырып, ол Google компаниясының президенті және басты атқарушы директоры болып тағайындалады. 2011 жылдың 4 сәуірінде Пейдж Шмидті басты атқарушы директор орнынан алмастырады.
Пейдж планетаның ең бай адамдарының тізіміне кіреді, 2011 ол Форбс миллиардерлер тізімінде 24 орында тұрды, ал АҚШ ішінде 11 орында.[4] Сергей Бринмен бірге жеке қолдану үшін үлкен жолаушылар ұшағы Boeing 767 сатып алады.
Пейдж 2007 жылы Ричард Брэнсонның Нэккер аралында Люсинда Соусуорсқа үйленеді.[5] Соусуорс зерттеуші ғалым және американдық модель Кэрри Соусуорс қарындасы.[6][7][8] Бір баласы бар.
Пейдж Марисса Мейер мен жақын қатынаста болған деп айтылады.[9] [10]
Пейдж алтернативты энергия компанияларына инвестиция жасайды, мысалы Tesla Motors компаниясы, Tesla Roadster электр машинасын шығарған.[11]