Кескін (изображение; display image pict (picture) — 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.
Кескінді шешу (разрешение изображения; permit of scene) — графикалық кескіннің аудан бірлігіндегі ақпарат мөлшерін аныктайтын параметр. Кескінді өңдеу бойынша мүмкіндіктер ауқымын анықтайды, әpi бірліктерінде өлшенеді. Ол кескіннің файлының мөлшері мен кескіннің физикалық мөлшерін байланыстыратын формулада пропорционалдық коэффициент болып саналады.
Кескіндерді айырып тану (распознавание изображений; image recognition) — ақпарат кескіндермен немесе оптикалық сигналдармен ұсынылған жағдайда бейнелерді айырып тану.
Кескін аймағы (область изображения; image area) — шағын баспа жүйе программасындағы беттің бөлігі. Кескін аймағы деп, әдетте, мәтін немесе суреттер орналасатын өрістер арасындағы кеңістікті айтады.
Кескін сегменті (сегмент изображения; display (image) segment) — машиналық графикада — біртұтас бүтін ретінде шақыруға болатын кескіннің (графикалық примитивтердің) элементтер тобы. Ол жеке нүктелерден, кесінділерден немесе басқа элементтерден тұруы мүмкін.
Кескіндердi енгізу құрылғысы (устройство ввода изображений; graphic digitizer) — растрлық матрица түрінде компьютерге екі өлшемді, мүмкін, жарты реңкті кескінді енгізуді жасақтайтын құрылғы.[1] [2]