Квебек (фр. Québec, ХФӘ: [ke.bɛk]) — Канададағы Квебек провинциясының орталығы болып табылатын қала. Қалада Квебек парламенті және провинцияның басқару аппараттары орналасқан.
Халқы
2015 жылы халық саны 540 994 адамға дейін жетті. Олар 6 қалалық аудандарда тұрады: Ситэ-Лимуалю, Ривьерс, Сен-Фуа-Силлери-Ка-Руж, Шарлебур, Бопор және От-Сен-Шарль. 2008 жылы Квебек өзінің 400 жылдығын тойлады. Квебек көбісіне өзінің тарихи маххаласымен, көп мұражайларымен және мәдени кұрылымдарымен белгілі.
Экономикасы
2001 жылдан бастап Квебек Калгари, Эдмонтон және Саскатунадан кейінгі Канаданың экономика жағынан дамып келе жатқан қалалардың ішіне кірген. Мемлекеттегі ең аз жұмыссыздық Квебекте екені белгілі. Бұл жерде жақсы дамып келе жатқан экономика салалары: биотехнология, өнеркәсіп, туризм, денсаулық сақтау, тамақтану, сақтандыру және қолданбалы технология. Сонымен қатар, бұл қала жыл сайын 70 мың туристтер және 30 мың экипаж мүшелерін қабылдайды.
Бауырлас қалалар
- Үлгі:Байрақ/United States, Олбани
- Бельгия, Льеж
- Бельгия, Намюр
- Буркина-Фасо, Уагадугу
- Вьетнам, Хюэ
- Мексика, Гуанахуато
- Канада, Калгари
- Қытай, Сиань
- Қытай, Чанчунь
- Ресей, Санкт-Петербург
- Румыния, Яссы
- Тунис, Сус
- Уругвай, Монтевидео
- Франция, Бордо
- Франция, Канн
- Франция, Париж