Интернет-жарнама

Медиялық жарнама – текстік-графикалық жарнамалық материалдарды сайт беттерінде орналастыру. Көптеген белгілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы (БАҚ) жарнамаға ұқсас. Бірақ баннердің гиперсілтемесінің бар болуы және анимацияланған бейненің мүмкіндігі медиялық жарнаманың әсер ету мүмкіндігін аса кеңейтеді. Әдетте, медиялық жарнама баннерлік жарнаманың формасына ие болады.

Контексттік жарнама - текстік-графикалық жарнамалық материалдарды тұтынушыларға іздеу функциясын ұсынатын сайт беттерінде орналастыру. Бұл жарнама түрі іздеу нәтижелерінің жанында орналасады, ал белгілі бір жарнаманың көрсетілуі тұтынушының іздеу сұрауына байланысты болып келеді. Әдетте, контексттік жарнама тексттік жарнама формасына ие болады.

Жарнаманың басқа түрлері медиялық және және контексттік жарнамалардың белгілерін біріктіреді.

Электрондық пошта (e-mail) – тұтынушыларға өзара ақпараттармен алмасуға мүмкіндік беретін желілік қызмет, жарнамалық хабарламалаларды жіберудегі электрондық поштаның артықшылықтары:  Электрондық пошта желіні қолданушы тұтынушылардың барлығында бар.  E-mail хабарламаның push-технологиясын білдіреді.  Жеке тұтынушыға үндеу мүмкіндігін береді.  Тұтынушыға қызықты болып көрінген хат оның достарына жіберілуі мүмкін.

e-mail көмегімен алға басу үшін мынадай әдістер қолданылады:  Жазылушыларға жіберілетін хаттар.

Интернетте әр түрлі тақырыптарға арналаған жіберілім тізімдері көп. Бұл жіберілімді қабылдаушы тұтынушылар сол жіберілімге өздері жазылған және олар кез-келген уақытта сол жазылымды тоқтатуға құқығы бар. Жіберілімдердің мынадай түрлері бар:  Ашық (барлық қалаушыларға)  Жабық (адамдардың белгілі бір тобына)  Тегін (жобалаушылардың қалауына байланысты)(http://kazseo.com)  Тегін емес

Тақырып бойынша хаттардың жіберілуі адамдардың белгілі бір тобына арналғандықтан және де оның мыңдаған жазылушылары бар болғандықтан ол тиімді маркетинг құралы болып табылады. Кейбір компаниялар өздерінің ресми сайттарында тұтынушыларға жіберілімге жазылуды ұсынады. Бұл жіберілімдер тұтынушыға сайт жаңартулары, компания жаңалықтары жайлы ақпараттар беріп, сол сайтқа тұтынушылардың келесі рет кіруіне жағдай жасайды.

Жаңалық жіберілімдерінде жарнама орналастыру – көптеген жіберілімдер БАҚ-ның рөлін атқарады.

Әдістер

Компанияның спецификасына, оның мақсаттарына, сондай-ақ жарнамалық құралдардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне сәйкес кез-келген әдіске артықшылық беру керек.

  • Баннер. Көптеген пайдаланушылардың жарнамалық баннерлермен шамадан тыс жүктелген сайттарға деген теріс көзқарасы байқалады.[1]
  • Баннер айырбастау желілері. Оларға қатысу үлкен және орта бизнеске әлеуетті клиенттердің үлкен тобын қамтуға мүмкіндік береді. Бұл әдістің негізгі кемшілігі — серіктес компаниялардың баннерлерін өз сайтында орналастыру қажеттілігі.
  • Іздеу жүйелеріндегі жарнамалық науқан көптеген әлеуетті сатып алушыларды тартуға мүмкіндік береді, бірақ қымбаттылығымен ерекшеленеді.
  • Жаңалық топтары, блогтар. Тар салалық аудиторияға арналған. Арзандығымен және тиімділігімен ерекшеленеді, алайда мақсатты аудиторияның өлшемі, әдетте, кең болмайды.
  • Электрондық пошта және жедел хабар алмасу жүйелерінде хаттарды жөнелту. Әдістің басты артықшылықтары — экономикалық тиімділігі және пайдаланушылардың кең ауқымын тарту мүмкіндігі. Кемшілігі — спамның көптігіне байланысты аудиторияның мұндай хабарламаларға сақтықпен қарауы. Көбіне, мұндай құралды пайдалану жарнама берушінің имиджінің төмендеуіне әкеледі.
  • Тапсырыс бойынша жазылған және электронды БАҚ-та орналастырылған мақалалар. Бұл құрал ірі және орта компаниялар арасында танымал, өйткені ол кең немесе мақсатты аудиторияны тартуға мүмкіндік береді. Жарнаманың бұл әдісі компанияның имиджін арттыруға мүмкіндік береді, бірақ едәуір ақшалай инвестицияларды қажет етеді және тауарларды өткізуге жанама әсер етеді.

Интернет-маркетинг құралдарын PR науқанының міндеттеріне қарай да топтастыруға болады. Жарнаманы орналастыру орындары, хабарландыру түрлері және жарнамалық мәтін туралы деректерді жинау кезінде, жарнамалық "тыңшылық" құралдары жиі қолданылады, бұл компанияларға бәсекелестері үшін не жұмыс істейтіні және өздерінің маркетингтік күш-жігерін қалай жақсартуға болатындығы туралы түсінік береді. Электрондық пошталар, баннерлер және іздеу жүйелері мен әлеуметтік желілердегі контекстік жарнамалар жаңа клиенттерді тартуға және сатылым көлемін арттыруға көмектеседі.[2]

Дереккөздер

  1. Reasons for ad-avoidance and its effect on website publishers. grin.com. Тексерілді, 4 қаңтар 2023.
  2. Contextual Targeting: Everything You Need to Know To Do It Right. verfacto.com. Тексерілді, 4 қаңтар 2023.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!