Жарғақ су — таужыныстардың ішкі қуыстарындағы су буының қоюлануынан (конденсациялануынан) пайда болатын, немесе олардағы тамшылы сұйык су ағып кеткеннен кейін түйірлердің сыртына жабысып, жұқа қабық түзетін су. Мүндай су таужыныстардың ұсак бөлшектеріне молекулалық күштің әсерімен тартылып тұрады. Қабықтың қалындығы мен тоңазытудың үзақтығына байланысты жарғақ су нөлден төмен температурада қатады. Жарғақ суды таужыныстан 105—110°С температураға дейін қыздырумен немесе зор қысым күшімен ажыратып алуға болады.[1] Қуыс қабырғаларындағы судың қозғалысы жарғақтың қалыңдығы бірдей болғанға дейін жалғасады, жарғак су ауырлық күшінің ықпалынсыз түрлі бағыттарда жылыстай береді.[2]
География
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: