Сарыарқа
Пермь мен девон
15 км
5-10 км
893 м
50°09′24″ с. е. 77°11′59″ ш. б. / 50.15667° с. е. 77.19972° ш. б. / 50.15667; 77.19972 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°09′24″ с. е. 77°11′59″ ш. б. / 50.15667° с. е. 77.19972° ш. б. / 50.15667; 77.19972 (G) (O) (Я) (T)
Қазақстан, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы
Едірей – Сарыарқадағы Арқалық және Мыржық тауларының солтүстіндегі тау.
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 893 м. Ұзындығы 15 км, ені 5 – 10 км.
Көптеген жақпартасты шоқылар мен қырқалардан тұрады. Беткейлері тік құламалы, жартасты, аз тілімденген. Таудың орталық бөлігінде Қызылшілік қонысы бар.
Пермь мен девонның граниттері мен гранитті сиениттерінен түзілген.
Қызғылт қоңыр сортаң топырағында бетеге, селеу, сұлыбас, жусан, қараған, тобылғы өседі. Аңғарларында шөпті-айрауықты, шилі-бетегелі шалғындар кездеседі.[1]